– Тиынды ағам екеуміз 5-6-сынып оқып жүргенде жинай бастадық. Бала болғасын қызығамыз ғой. Қолында ескі тиыны бар бала көрсек, бар тəттіні беріп, алып Жапсырма қағазға, фишкаға ауыстырып аламыз. Кофе қалбырына салып жинадық. Қалбыр үйдегі ең биік жерде тұрады. Үйге қонақ келгенде тиынды қызықтап, санаймыз. Үлкен кісілер сол кезде тиынға не алғандарын айтып, күліп алады.

Қазір төрт жүзден аса тиын мен отыз үш қағаз ақша бар. Көбі КСРО кезіндегі тиын мен қағаз ақша. Түркия, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Индонезия, Сербия
елдерінің төл тиындары. Ең қымбаты – I Николай заманындағы 1841 жылғы күміс тиын. 1930, 1957, 1961 жылғы тиын бар. 1961 жылы шыққан 1 рубль бар. Ескі тиын көрсем, қызығып кетемін.

Бала кезде жақсы іске əуес болған қандай жақсы. Кейбір адамдар ұсақ-түйек деп мəн бермейді. Мысалы, академик Шора Сарыбаев атамыз жеті түрлі коллекция жинаған екен. Соның бірі – «Қайрат» футбол командасына жанкүйер болғаны. Шора атамыз футбол туралы жүзге жуық альбом жасаған. Футболға қатысты төсбелгі, күнтізбе, спорт киімдерін жинаған. Сондай-ақ, «Қайрат» командасының футболшылары қол қойған допты да жинапты.

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №30
24 шілде 2018 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз