Жеңіл салмақтағы М-1 GLOBAL экс-чемпионы Дамир Исмағұлов әлемге әйгілі UFC компаниясымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды «Жасөркен» порталы. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

«Дамир Исмағұлов UFC-мен келісімшарт жасады. Жақын арада алғашқы жекпе-жегіне шығады.  Қарсыласы өте мықты. Барлық құжаттарға қол қойылды. Бұл жаңалықты күткен барша жанкүйерлерді құттықтаймын», – деп жазды ол.

Отандасымыз 18 жек­пе-жек өткізіп, 16 рет же­ңіс­ке жетті. Былтырғы жылы мамырда Орынборда өткен жарыста Санкт-Петербургтен келген Максим Дивничті бесінші раунд­та техникалық нокаутпен ұтып, 70 келі салмақ дәрежесі бойынша «М-1» ұйымының чемпиондық белбеуін иеленген еді.

Естеріңізге салайық, Дамир Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған екінші қазақ спортшысы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз