Баланың түр-түсі және бой жағынан ата-анасына тартатыны заңды жағдай. Бірақ кейде ұл-қыздардың бойы өспей қалады. Оған намыстанатындар аз емес. Олардың көпшілігі бойды қалай өсіруге болатындығын, осы төңіректе кеңес беруді өтініп, хат жазып та жатады.

Солар үшін бүгін бірсыпыра ақыл-кеңес бергенді жөн көрдік. Ең алдымен уақтылы, дұрыс тамақтану керек. Әсіресе тағамның кез-кедгені дәмді, әрі адам ағзасына сіңімді болуы тиіс. Ал салмағыңның ауырлап, бойыңның қалай өсіп келе жатқанын бақылап отыру үшін таразыға тартылып тұр.

Иә, бүгін сендерге тағам туралы көбірек айтуға мәжбүрміз. Мынадай бір мысал айтайықты: жапондықтардың бойы аласа. Бұл олардың ғасырлар бойы күрішпен тамақтанып келуінен де мүмкін. Соңғы жылдары тағам жөніндегі ғылыми кеңестің нұсқауларына сәйкес тамақтанғанлы бері 13 жасар жапондықтардың бойы ғасыр басындағы құрбыларынан 17 сантиметр ұзын екен. Демек тамақтың түрін көбейту ләзім. Әсіресе, сүт, ет, балық өнімдері, сары май, нан жұмыртқа, әртүрлі ботқаны, оның ішінде жеміс-жидекті күнделікті жеген дұрыс (есесіне қант, кәмпит, бал, балмұздақ секілді тәтті тағамдарды аз жеген жөн. Себебі, тәтті өнімдер бойдың өсуін тежейді).

Еркін өсуге сергек жүру, жүйкеге қысым түспеу д, әсер етеді. Жүйкенің қалыпты жұмыс істеуі үшін күніне 8-9 сағат ұйықтау керек. Ұзақ уақыт сабақ оқып, кино көріп немесе ауыр жұмыс істеген соң, таза ауада серуендеген жөн. Үнтаспа, радионың даусын барынша ашып қойып тыңдау зиянды. Мектепте дене тәрбиесі сабағынан қалма.

Назарларыңа ұсынып отырған бой өсіретін жаттығулармен үйде тәулігіне бірнеше мәрте 15-20 минут айналыс.

  1. Белтемірден қатты ұстап, ары-бері шайқалу.
  2. 10-12 рет отырып-тұру.
  3. Белтемірге екі қолмен алма кезек тартылу.
  4. 100-150-ге дейін жіппен секіру.
  5. Отырып-тұрып секіру.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз