Астанада қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен брифинг өтті. Бұл туралы  Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Брифинг барысында журналистің сұрағына жауап берген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев латын графикасындағы қазақ тілі аралас және орыс тілді мектептерде пән ретінде ғана өтетінін айтты.

«Қазіргі кезде министрлік нөлінші және бірінші сыныптарға үйретуді бастаймыз деп отыр. Содан кейін әр сынып кезең-кезеңімен көшеді. Оқушылар қазақ тілі пәнін латын әліпбиімен оқиды. Бұл орыс мектептеріне қатысты. Ал орыс тіліндегі пән болса, ол сол криллицада оқи береді. Бұл қазақ тілі пәні мен қазақ тілінде жүретін пәндерге қатысты», – деді министр.

«Жас өркен»-ақпарат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз