Франция ұлттық құрамасы мен  «Штутгарт» клубының қорғаушысы Бенжамен Павар  «Баварияға» ауысты.

22 жастағы француз мюнхендік «Баварияға» клубымен бес жылдық келісім-шартқа отырды. Бұл туралы клубтың спорттық директоры Хасан Салихамиджич мәлімдеді. Павар жаңа клубтағы жұмысына биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап кіріспек.

Айта кетейік, Павар былтырғы жылы өткен Әлем чемпионы атанды. Оның Аргентина құрамасына қарсы өткізген ойында (1/8) соққан голы турнирдің ең әдемі голы болды. Өткен маусымда бундеслигада 14 ойын өткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз