Каталониялық «Барселона» клубы жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньоға қош айтқысы келеді. Футболшының трансферлік құны 157 миллион еуроны құрайды.

Клубтың бас бапкері Эрнесто Вальверде ойыншының физикалық формасына көңілі толмайды. Командадағы әріптестері онымен әңгімелесіп, жақсы ойын көрсетуін өтінген.

« Дембелені шығармаған кезде бәрі менен ол туралы сұрады. Енді ол ойнайды, ал Коутиньо – ойнамайды. Бәрі керісінше болып жатыр. Футболшылар ойын барысын өзгерту үшін жақсы жұмыс істеу керек. Көңілі толмаса да, ол күресу керек. Коутиньо бізге көп көмек береді, алдағы уақытта да сол биігінен түспеуі керек», дейді Вальверде.

Айта кетейік, бразилиялық «Барселонаға» былтыр қаңтарда «Ливерпульдан» ауысып келген болатын. Алдыңғы маусымда ол 16 ойын өткізді. Коутиньо 4 гол соғып, 1 нәтижелі паспен көзге түскен еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз