БАЛМҰЗДАҚ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

Ежелгі Таяу Шығыста балмұздақты «қар шербеті» деп атады. Ортағасырлық Францияда – сүт мұзы, ал Италияда неполит мұзы деді. Балмұздақ әлемдегі барлық баланың сүйікті асына айналған. Жалпы балмұздақ қалай және қашан пайда болды? Оның пайда болуының нақты күні, әрине, белгісіз. «Тәтті суық» деген өз тарихы бар. Ол атау ең әуелі Қытайда пайда болған деседі. Б.з.д. III мыңжылдықта бай үйіне мұздатылған жеміс шырыны немесе апельсин, лимон және анар тұқымдары бар қар мен мұз үстелге ұсынылды. Бұл тағамның рецептері «Ши Джин» кітабының арқасында біздің заманымызға жетіп отыр. VII ғасырда қытайлықтар мұздатылған шырындарға сүт қосуға тырысты.

Көне Грекияда балмұздақ тарихының Еуропадан басталатынын айтады. Мәселен, ортағасырдағы  Еуропада балмұздақ болғаны жөнінде нақты дерек жоқ, белгісіз. Еуропаға балмұздақты итальяндық саяхатшы Марко Поло әкелген екен. Ол 1295 жылы Қытайдан жеміс-жидекті мұздатылған шайдың рецебін өзімен бірге ала барған деседі. Дегенмен, дәлел жоқ. Бірақ факті осы уақыттан бастап Еуропа халқы балмұздақ жей бастаған. Италия «нақты» балмұздақтың туған жері деп есептелінуі мүмкін.

1533 жылы француз Королі Кэтрин де Мэдичидің жүрегін жаулап алған ерекше суық десертті ойлап тапқан Ружгери деген флоренциялық аспаз. Флоренцияда Берндро Буонталентини 1565 жылы сүт, кілегей мен жұмыртқадан суық тағам дайындайды. Кейінірек Франция «балмұздақ елі» болды. 1686 жылы сицилиялық Франческо Париждегі алғашқы балмұздақ салонын ашқан. Айтпақшы, балмұздақ сөзі 1690 жылы Грейс Грендл атты ағылшын графинейінің арқасында пайда болған. XVII ғасырдың соңында балмұздақ  Еуропаны жаулап алған.

Балмұздақ шын мәнінде француз инженері Кари Фердинанд мұз жасауға қабілетті машинаны ойлап кезде, тек 1862 жылы  «жанданды». 1904 жылы 30 сәуірде балмұздақ шыныаяқтан вафлиға ауысты. Вафлиге балмұздақ толтырып сататын болды. Эрнест Хамви вафли-құтыларды өндіру үшін  компания құрды. Ал 1921 жылы  шоколад глазурімен қапталған, таяқша балмұздақ жарыққа шыққан деген дерек бар.

ШОКОЛАД НЕДЕН ЖАСАЛАДЫ?

Шоколад какао бұршақтарынан басталады. Бүгінде Африкада және Индонезияда шоколад ағаштары өсіріледі. Таңғажайып жемісті алғаш байқаған – ежелгі үндістер. Какао бұршақтарынан олар ащы сусын жасады, көбірек бұрыш қосып, суық қылып ішкен. Америкаға алғаш рет келген еуропалықтар тек какао бұршақтарын қантпен араластырып, ащы, бірақ ыстық сусын алған еді. Сол кезде какао тек сұйық түрінде қолданылған. Бірінші шоколадты XIX ғасырдың басында голландиялық Конрад ван Гутен жасаған.

1875 жылы швейцариялық Даниэль Питер какао ұнтағынан шоколад жасауды ойлады. Мұны қалай істеді? Алдымен плантацияларда какао бұршақтарын өздері құрғатады. Содан кейін оларды қапқа салып, зауытқа алып кетеді. Онда қоқыстан тазаланады және сұрыпталады. Келесі кезеңде микронизатор деп аталатын айналмалы барабан какао бұршақтарын қыздырады. Солай оларды арнайы жабдығынан тазарту оңай болады. Болашақ шоколадқа жағымды дәм беріп, хош иістендіру үшін үрме бұршақ қуырылады, майдаланады, содан кейін басылады. Какао майы (құрғақ қалдық) және крем сынды масса пайда болады: жемістің жартысынан көбі майлы. Ол какао майы деп аталады. Бір қызығы, оның түсі мүлдем қоңыр емес, ақ. Қоңыр шоколад ұсақталған какаоға қосылған кезде болады. Содан кейін шоколад қалыпқа құйылады. Шоколад төрт түрі болады: сүтті, қара, ащы және ақ. Шоколадтың қоспасы көп.

САҒЫЗ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

Археологтар алғашқы сағыздың неолитте пайда болғанына сенімді. Алайда кейбірі сағызды ежелгі гректер ойлап тапты дейді. Ежелгі кезде ағаштардың тамырынан да сағыздар алған. Ал XIX ғасырдың екінші жартысында АҚШ өнертапқыштары сағызды түрлі дәммен шығара бастады.  Қазіргі заманғы сағыз – мұнай-химия өнеркәсібінің жетістігі.

ІРІМШІК ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

Кейбір ғалымдар ірімшік Еуропада, біреулері Орталық Азияда, енді бірі Қытайда пайда болды деген тұжырым айтады. Ғалымдар ірімшік 1615 жылы шыққан дейді. Шын мәнінде әлемнің барлық халқы бір өнімді өздерінде шықты деп таласуға дайын. Олай дейтін-ақ. Өйткені адам болған соң қажеттілігі де бірдей ғой.

Ірімшіктер әртүрлі. Мысалы, әлемдегі ең қымбат ірімшік Италияда шығады. Ол касу марцу деп аталады. Ірімшіктер қатты, жартылай қатты, жартылай жұмсақ, жұмсақ, тұзды, балғын, көгілдір (құйылған) түрлерге бөлінеді. Әр ірімшікті түріне қарай дайындайды.

 

Таным кітапханасында ізденген Алмабек ИБРАЙЫМОВ,

Суреттер интернеттен алынды

“Ұлан” (№15, 10 cәуір 2018).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз