Инеліктен аумай қалған,
Тік көтеріліп,
Тауды айналған.

***
Қалтаңа дәйім салып жүресің,
Өзіңмен бірге алып жүресің.
Алыс-жақыннан хабар аласың,
Сол арқылы сен бәрін білесің.

***
Жер астынан жарып шығады,
Ғарышқа өзі алып шығады!

***
Айтқан тілін аласың,
Мектебіңе барасың.
Ержетсең де есейіп,
Сәбиі боп қаласың.
Ол кім?

***
Он екі айда айналып бір келеді,
Құрбы-достар құттықтап гүл береді!
Осы күні бойы да,
Ойы да өсіп,
Бір жасқа адам есейіп үлгереді!

***
Жұрт мұны «тамақ» демейді,
Толтырып ауыз-көмейді
Жұтады, ішіп-жемейді.
Су емес шөлді қандырар,
Осыны, достар, не дейді?

Жауаптар: Туған күн, Анашың, Ауа, Инелік, Ғарыш кемесі, Ұялы телефон

Темірақын ЖАҚЫП

«Балдырған» журналы, №6
Маусым, 2018

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз