Құрметті ата-аналар мен ұстаздар!

Журналымыздың биылғы 60 жылдық мерейтойына арнап «Балдырғанның» Егізде фотобәйгесі» деген жаңа айдар ашып отырмыз. Бұл бәйгеге отбасыңыздағы егіз балаларыңыздың немесе сыныптағы егіз шәкірттеріңіздің сапалы түскен суретін бізге жолдау арқылы қатысуға болады. Бәйгеге тек 1-сынып пен 5-сынып аралығындағы балалар ғана қатыса алады. Суретпен бірге егіздер жайлы толық мәліметтер жіберілуі тиіс. Онда егіздердің мінез ерекшеліктері, өнері, жақсы көретін істері, оларға қатысты қызықты сәттер жайлы жазуға болады. Біз журналымыздың әр санында сол айда үздік деп танылған егіздердің суретін жариялап отырамыз.

Бәйге келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасып, қорытындысы сол кезде шығарылады. Қазылардың бағалауына журналға шықпай қалған, шығып үлгермеген суреттердің де берілетінін ескертеміз.

Бүгін бәйгеге қатысуға ықылас білдірген алғашқы егіздің суретін жариялап отырмыз.

Жәния мен Сәния

Жәния мен Сәния Әбітаевалар Алматы қаласында тұрады. №181 мектептің 1 «Б» сынып оқушылары. Ұстаздары Салтанат Сүлейменованың айтуынша екеуі де елгезек. Зерек. Зейіндері де жақсы. Сабақты жақсы оқиды. Тапсырманы мұқият орындайды. Өнерден де құр алақан емес. Ән айтады, би билейді. Үйде аналары Айманға қолғабыс көрсетеді.

«Балдырған» (Наурыз 2018 жыл)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз