Құрметті ата-аналар мен ұстаздар!

Журналымыздың биылғы 60 жылдық мерейтойына арнап «Балдырғанның» Егіздер фотобәйгесі» деген жаңа айдар ашып отырмыз. Бұл бәйгеге отбасыңыздағы егіз балаларыңыздың немесе сыныптағы егіз шәкірттеріңіздің сапалы түскен суретін бізге жолдау арқылы қатысуға болады. Бәйгеге тек 1 сынып пен 5-сынып аралығындағы балалар ғана қатыса алады. Cуретпен бірге егіздер жайлы толық мәліметтер жіберілуі керек. Онда егіздердің мінез ерекшеліктері,  нері, жақсы ккретін істері, оларға қатысты қызықты сәттер жайлы жазуға болады. Біз журналымыздың әр санында сол айда үздік деп танылған егіздердің суретін жариялап отырамыз.

Бәйге келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасып, қорытындысы сол кезде шығарылады. Қазылардың баға лауына журналға шықпай қалған, шығып үлгермеген суреттердің де берілетінін ескертеміз.

Бүгін бәйгеге қатысуға ықылас білдірген алғашқы егіздің суретін жариялап отырмыз.

Жәния мен Сәния

Жәния мен Сәния Әбітаевалар Алматы қаласында тұрады. №181 мектептің 1 «Б» сынып оқушылары. Ұстаздары Салтанат Сүлейменованың айтуынша екеуі де елгезек. Зерек. Зейіндері де жақсы. Сабақты жақсы оқиды. Тапсырманы мұқият орындайды. Өнерден де құр алақан емес. Ән айтады, би билейді. Үйде аналары Айманға қолғабыс көрсетеді.

 

«Балдырған» журналы, №3
Наурыз, 2018

 

1 ПІКІР

  1. Сəлеметсіздер ме. Балдырған журналы 1 айда немесе 1 жылда қанша саны шығады? Биыл қызым 1 сыныпта оқиды. Бірінші рет журналға жазылып едік, биылдыққа 1 журнал ғана алдық. Неге?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз