ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР! «БАЛДЫРҒАННЫҢ» БАЛҒЫН ДОСТАРЫ!

«Балдырған» журналы үшін де биылғы жыл ерекше жыл болып отыр. 1958  жылдың шілдесінде алғашқы саны жарық көрген «Балдырған» биыл алпыс жасқа толады. Бұл – біздің ғана емес, қазақ балаларының, қазақ балалар әдебиетінің үлкен қуанышы. Мерейлі мерекесі. Қолдарыңыздағы осы журналды қосып есептегенде 60 жыл ішінде «Балдырғанның» 714 саны жарыққа шығыпты. Бұл – жыл сайын әр қайсысы 48 баспа табақ болатын 60 кітап деген сөз. Бұл – балалар әдебиетінің алтын қорына қосылған өте қомақты қазына. Сондай-ақ «Балдырған» осы жылдар ішінде миллиондаған балаға сауатын же тілдіруге көмектесіп, оларға рухани тәлім-тәрбие берді. Яғни «Балдырған» өзінің мерейлі мерекесіне лайықты жетіп отыр.

«Балдырғанның» тойы – балалардың тойы. Той басталды. Ол жыл аяғына дейін жалғаса береді. Қымбатты ұстаздар, балалардың сүйікті журналының мерекесін өз сыныптарыңызда қызықты шаралармен атап өтсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді. Алдағы уақытта журнал мерейтойына орай оқырмандар  арасын да шығармашылық  бәйгелер мен әртүрлі жарыстар ұйымдастырылады. Оларға да атсалысыңыздар. Әрине, бәйгеге қатысу үшін журнал оқырманы болу міндетті. «Балдырғанға» белгілі себептермен жазыла  алмай қалғандар ол олқылықты әлі де толтыра алады. Жазылу жыл бойы жалғаса береді.

Ендеше осындай мерейлі жылда қатарымыз көбейіп, бәріміз бірге болайық, құрметті достар!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз