Шие ағашының жапырақтары түспейінше, қар жауғанмен, қыс болмайды.

Бұтақтар жазда өте биік өссе, қыста қар мол болады.

Егер жауыннан кейін жапырақтар жерге түсіп, басын төмен исе, тағы да жауын жауып, салқын жел тұрады.

Күзде талдар жел болмаса да, қатты дір-дір етсе, жауыннан қорыққаны. Көп ұзамай жауын келеді, жауынды күт деген сөз.

Ашық күнде қарлығаштар ұшуын тоқтатса, онда көп ұзамайдауыл болады.

Егер құстар көп шиқылдап кетсе, ауа-райы күрт өзгереді.

Ал құстардың тым-тырыс бола қалуы ­– найзағайлы, дауылды, жаңбырды күткені.

Қаздың аяғын көтеріп тұрғаны – аязды қыстың келе жатқаны.

Кептерлер «зікір салса», күн жылы болады.

«Ұланның» мұрағатынан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз