Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын үш рет абыроймен қорғаған «Astana Arlans» бокс клубы таратылатын болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин есеп беру конференциясында мәлім етті.

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз, – деді ол жиын барысында.

Не үшін таратылады дегенге келсек, соңғы жылдары бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) ұйымдастырылу жағынан кері кетті. Көптеген команда бір-екі маусым ғана қатысып, кейіннен жарысқа қатысудан бас тартты.

Қазіргі уақытта әуесқой бокстың жағдайы мәз емес. Өйткені Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бокс спортын 2020 жылғы Токио Олимпиадасы бағдарламасынан алып тастау жайын қарауда.

Естеріңізге сала кетейік, «Astana Arlans» бокс клубы WSB жобасында 2012/2013, 2014/2015 және 2017 жылдары жарыс жеңімпазы атанып, ең табысты командалардың бірі болды. Қазақстандағы мықты боксшылар да осы жоба аясында шеберліктерін шыңдады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз