Өткен аптада «Ұлан» газеті мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдарының ұжымы Талғар политехникалық колледжіне (ТПК) кездесуге бардық.
Осы кездесудің ең кішкентай қонағы Айым Бексолтан бəрімізді бір серпілтіп тастады. Айым бес-ақ жаста. Өзі аудандық кітапхананың ең кішкентай оқырманы. Балабақшада жүргеннен-ақ өнерімен танылыпты. Өзі өлең жазады. Мұқағали Мақатаевтан бастап, біраз ақындардың өлеңдерін жатқа оқиды. Мəнерлеп оқудан республикалық конкурста 1-орын алған екен. Түрлі конкурстар мен іс-шаралар кезінде алған мақтау қағаздары да көп-ақ. Айым бізде Мұқағали атасының жəне Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқып берді. «Талабыңа нұр жаусын!» дестік жас талантқа.
Менің жерім – Барқытбел,
Ата-бабам туған жер.
Ер Қабанбай қорғаған,
Тарбағатай – асқар бел.
Бес жасында мұндай өлең жазып жүрген Айым болашақта ақын апаларының жолын жалғаған айтулы ақын болары сөзсіз.
«Ұлан»-ақпарат
«Ұлан», №10
07.03.2017