Айсәуле үй жануарларын өте жақсы көреді. Үй жануарлары десе ішкен асын жерге қояды. Анасы Айсәулені балабақшаға берді.  Ол бақшадағы балалармен тез тіл табысып кетті. Бір күні ол жолда келе жатып бір сүйкімді дауыс естіді. Ненің үні екенін біліп, шөптің, талдың арасын түгел қарап шықты. Бірақ таба алмады. Кетейін деп жүре бергенде жаңағы дауыс қайта естілді. Айсәуле бұл жолы жүгіріп барып, балабақша жанындағы гүлдердің ішін қарады. Бір кезде алдынан сүп-сүйкімді мысық шыға келді.

Ол мысықты үйіне апарып асырамақшы болды. Үйге келген соң айтып еді, ата-анасы бұған қарсылық білдірмеді. Айсәуле мысыққа әрдайым уақтылы тамақ беріп жүрді.

Бір күні мысықтың өзі секілді сүп-сүйкімді үш марғауы өмірге келді. Айсәуле  қатты қуанды. Ол тек ана мысықты ғана емес, марғауларды да жақсы күтті.

Бірде оларды аулаға ойнатуға алып шықты. Аула өте әсем еді. Мысықтар сол жерден кеткілері келмеді. Бірақ Айсәуле әкелген ерке күшіктен кішкене мысықтардың бірі қатты қорықты.

Көп ұзамай мысықтар кішкене күшікпен достасып кетті. Айсәуленің арқасында олар күні-түні бірге ойнайтын адал достарға айналды.

 

Ғайни АЯҒАН,
№25 мектептің 5-сынып оқушысы.
Қожабақы ауылы,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы

«Балдырған» журналы, №1
Қаңтар, 2018

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз