Бәйге!.. Бәйге!.. Бәйге!..

«Үш бәйтерек жылына» орай…

«Балдырған», «Ақ желкен» журналдары мен «Ұлан» газеті 2014 жылды «Үш бәйтерек жылы» деп жариялағаны естеріңде болар. Балалар басылымдарының басын біріктірген мемлекеттік «Жас өркен» серіктестігі биылғы жылды балалар әдебиетінің үш бәйтерегі – Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев және Қадыр Мырза Әлиге арнап отыр.

Ондағы мақсат – балалар әдебиетінің үш алыбын ардақтау және балалар әдебиетін насихаттау. Осы ретте «Балдырған», «Ақ желкен» және «Ұлан» басылымдары бірқатар іс-шаралар өткізбек.

Біріншіден, еліміздің әр түкпірінде балалар әдебиетін дамыту, балалар басылымдарын насихаттау және аталған үш тұлғаның шығармашылығын насихаттау орайында кездесулер ұйымдастырамыз. Білім басқармалары мен жергілікті кітапханалардан ұсыныс түсіп жатса, қуана қабылдаймыз.

Екіншіден, балалар мен жасөспірімдер арасында шығармалар байқауын және әдеби байқау ұйымдастырамыз. Шығармалар байқауы аталған үш тұлғаның шығармашылығына арналады. Байқау үш буын бойынша бөлек-бөлек өткізіледі.

5-9 жас аралығындағы бүлдіршіндер («Балдырған» журналының оқырмандары арасында);

10-14 жас аралығындағы балалар («Ұлан» газетінің оқырмандары арасында);

15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар («Ақ желкеннің» оқырмандары» арасында).

Әр буын бойынша бірінші, екінші және үшінші орынға жүлде тағайындалады. Үш ынталандыру сыйлығы беріледі.

Ал әдеби байқау балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем шығармаларға жарияланбақ. Бүлдіршіндерге арналған әңгіме, өлең, ертегілер «Балдырғанда» жарияланады. Естияр балаларға арналған шығармалардың топ жарғаны «Ұланда» жарық көреді. Ал ересек балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби туындылар «Ақ желкеннің» бетінде жарияланады. Үздік шығармаларға бірінші, екінші, үшінші орындар және ынталандыру сыйлықтары беріледі. Бұл байқаулар қыркүйек айына дейін жалғасады. Ал қазанда қорытындысы басылым беттерінде жарияланатын болады.

Құрметті оқырман, өздеріңізден хат-хабар күтеміз. Байқауға жіберілген шығармалардың маңдайшасына белгі соғып, төмендегі мекен-жайға жолдауға болады:

Жұлдыз ӘБДІЛДА

050009, Алматы қаласы,

Абай даңғылы, 143-үй.

4-қабат, 408-410 бөлме,

«Жас өркен» ЖШС.

Электрондық поштамыз:

jurnalbaldirgan@mail.ru,

npulan@mail.ru

ak_jelken@mail.ru

1 ПІКІР

  1. Сәлеметсіздер ме? балаларға арналған шығарма жазуда жасқа шектеу қойылмайды ма? Студенттер арасынан қатыса беруге болады ма?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз