Құл-Керім ЕЛЕМЕС

Жаңылтпаштар

«Алам» десе қалам,

Балам,

Сындырар деп алаңдағам.

***

Наушникті ап тығып құлаққа,

Бермейді жауап

Жақан аптығып сұраққа.

***

Ұстап барар сабаққа дәптер бір-ақ,

Жүргенсиды оқып актер Мұрат.

***

Интернет көп қалада балаға,

Онда отырып ойысса ойынға

Ойнамайды далаға бала да.

***

Қиқарбай қисынсыз қуалап допты,

Ұялмай уақытын уалап жепті.

***

Агент деген бір керемет жыр шықты,

Тышқанша Ұланның ұйқысын қыршытты.

***

Бұл жегі жеп жүр күйік талайды.

Тұрмайды шақта Тұрар тұратын ерте,

Ал ұйықтайтын шақта ұйықтамайды.

(«Балдырған», №1. 2014 жыл)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз