Кім болам?

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ…

Отан қорғаушы қай заманда болмасын мәртебелі мамандық саналған. Сендердің араларыңда да әскери қызметкер болуды армандайтын ұландар аз емес шығар? Қарулы күштердің қай түрін қалайсыңдар? Ұшқыш болғыларың келе ме? Әлде, шекарада ел шетінде, жел өтінде Отанға қорған болғыларың келе ме? Болмаса, зымыранға қарсы жүйені басқару ұнай ма? Біз болашақ сардарларға бағыт-бағдар беру мақсатында Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернатының мамандарына жолыққан едік. Әскери қызметтегі ағаларың бұл саланың қыр-сырын әңгімелеп, оқуға түсудің талаптарымен таныстырды. Сондай-ақ, қай сыныптан кейін қандай оқу орындарына баруға болатынын да айта кетуді жөн көрдік.

Мұхаметкерім СҮГІРБАЕВ,

Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаты бастығының орынбасары:

– Біз оқуға 9-сынып бітірген талапкерлерді қабылдаймыз. Ал-дымен дәрігерлік «жарамдылық» анықтамасы болуы тиіс. Оқу мерзімі – 2 жыл. Талапкерлер математика және қазақ (орыс) тілінен емтихан тапсырады. Дене шынықтыру пәні бойынша (100 метрге жүгіру, турникке тартылу) нормативтік сынақ тапсырады. 31 шілдеге дейін талапкердің 15 жасқа толғандығы (бұл жастан кем болмауы тиіс) ескеріледі. Мектептің шарты бойынша алғашқы әскери даярлық және дене шынықтыру пәндеріне баса назар аударылады. Сондай-ақ, ҰБТ кезінде тапсыры-латын пәндер тереңдетіліп оқытылады. Ары қарай әскери ЖОО-ларға тапсырғысы келетін түлектер үшін физика пәні міндетті. Мектепте домбырада ойнау, тоқу, компьютерлік, шахмат, туризм және өлкетану үйірмелері жұмыс жасайды. Ара-тұра «әскери өмір мен үшін емес екен» деп, орта жолдан оқудан шығып қалатындар кездеседі. Сол үшін әскери мектепке түсер алдында әр жасөспірім нақты шешім қабылдап келгені дұрыс. Талапкерлерге мектептегі әскери мамандар алдын ала арнайы дәріс өткізеді. Әрбір әскери саланың ерекшелігі, қиындығы түсіндіріледі. Ұрыс кезінде, бейбіт кезеңде қандай қызметтер атқаратындығы айтылады… Мектепке жыл сайын мемлекет тарапынан 220-250 балаға орын бөлінеді. Конкурстан өткен талапкерлер ғана оқуға қабылданады. Оқу, тамақ, әскери форма тегін. Мектебіміздің түлектері еліміздің немесе Ресей Федерациясының жоғары әскери білім ордаларына түсуге жолдама алады. Ерекше көзге түскендері жақын немесе алыс шетелдің әскери оқу орындарына жіберіледі. Биылғы түлектер үшін Түркияға − 2, Ресей (Рязань, Петербор, Тамбов, т.б. қалалары) бойынша жалпы − 22, АҚШ-қа − 1, сондай-ақ, Украина, Беларусь елдеріне жолдамалар бар. Қазіргі күні әскери қызметкерлер үшін мемлекет тарапынан бар жағдай қарастырылғанын атап өтер едім.

Қайда оқуға болады?

Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернатының мекен-жайы: Алматы қаласы, Пятницкий көшесі, 100-үй. Телефондар: 8 (727) 309-73-65; 8 (727) 309-73-64.

Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы әскери-мамандандырылған бағыттағы орта кәсіби оқу мекемесі. Кадет корпусының негізгі міндеттері біліктілікті жоғарылату, әскери құрал мен техниканы қолдана білу, «бөлім, есеп, экипаж командирі» мамандығы бойынша кәсіби сержанттарды дайындау. Сонымен қатар, әскери мамандыққа жақын кәсіби-техникалық білім беріледі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдері тереңдетіле оқытылады. Шығыс жекпе-жек күрестерінің бір түрін меңгеріп шығады.

Кадет корпусына түсушілерге қойылатын талаптар:

* ҚР Қарулы күштерінде қызмет еткісі келетін, 9-сыныпты үздік бітірген, тәртібі үлгілі, денсаулығы жарамды бозбалалар қабылданады. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, ата-анасының бірінен айырылған және көп балалы отбасында тәрбиеленген балаларға жеңілдік беріледі. Оқуға түсушінің өтінішінде Кадет корпусын бітіргеннен кейін ҚР Қарулы Күштерінің командалық құрылымында 5 жыл кіші сержант қызметін өтейтіндігі көрсетіледі.

* Оқуға түсушілердің жасы 15-тен төмен болмауы керек. 1 шілде кезінде 17 жастан жоғары болмағаны міндетті болып табылады.

* ҰБТ тапсыру барысында таңдау пәні – география.

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Щучинск қаласы. Телефондар: 8(316)24-15-43.

***

С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі. Бұл мектепте қазақ тілі, шет тілдері, әскери пәндер тереңдетіліп оқытылады.

* Мектепте екі санат бойынша білім беру жүзеге асырылады: негізгі (7-9 сыныптар) және жоғары (10-11(12) сыныптар. «Жас ұлан» мектебіне түсушілерге қойылатын талаптар: Мектепке 12 жасқа толған, бірақ оқуға түсетін жылы 13 жастан аспаған, оқуға түсетін жылы 6-сыныпты аяқтаған, денсаулығы жарамды, психологиялық іріктеуден өткен, дене бітімі талаптарға сәйкес ұл балалар қабылданады.

* Бос орындар болған кезде конкурс негізінде (мектепке қабылдау уақытында) 8-9-сыныптарға қосымша қабылдау жүзеге асырылады.

* Тіл пәндері (орыс немесе қазақ) және математикадан емтихан тапсырады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қорғалжын тасжолы, 3-үй. Телефон: 8(7172) 48-11-37 (кезекші)

11-ші СЫНЫПТАН КЕЙІН…

Құрлық әскерлерінің Әскери институтына (Алматы), Байланыс және радиоэлектроника Әскери институтына (Алматы), Әуе қорғаныс күштері Әскери институтына (Ақ-төбе), Әскери-теңіз күштері Әскери институтына (Ақтау) түсуге болады. Курсанттар типтік жатақханаларға орналастырылады. Оқу кезінде тегін тамақпен, формалы киіммен, қажетті оқулықтармен және жәрдемақымен қамтамасыз етіледі. Шәкіртақы тө-ленеді. Жыл сайын курсанттарға қысқы және жазғы демалыстар бе-ріледі. Оқуды аяқтағаннан кейін кур-санттарға әскери лейтенант шені және жоғары білімі жөніндегі диплом беріледі. Институтты аяқтағаннан соң офицерлермен келісім-шарт жасалады. Олар офицерлік құрамға тағайындалады және ҚР Қарулы күштерінде әскери қызметтен өтеді. Түлектер дәрігерлік комиссиядан өтуге міндетті. Тек әскери қызметке жарамды болғандары ғана әскери институтта оқуға үміткер бола алады.

Біздің анықтама

Әскери қызмет – мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет. Қатардағы әскери қызметтегі адам әскери қызметші аталады. Оған солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар, түрлі дәрежедегі (кіші, аға, жоғары) офицерлер құрамы жатады.

● Қарулы күштер офицерлерінің міндетті әскери қызметте болуының шекті жасы кіші лейтенанттан бастап капитандар үшін − 40 жас. Майор, подполковник және солармен теңесетіндер үшін − 45, ал полковниктер үшін − 50 жасқа дейін. Генерал-майор мен генерал-лейтенанттар және соларға теңесетіндер үшін − 55 жас, генерал-полковник пен армия генералдары үшін − 60 жас.

Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы республикалық әскери мектеп-интернаттар Білім және ғылым министрлігіне қарайды. Ал «Жас ұлан» − Қазақстан Қарулы Күштеріне тікелей бағынатын мектеп.

Бетті дайындаған Қарлығаш ДОСАНОВА

(«Ұлан», №18, 07.05.2013)

44 ПІКІРЛЕР

  1. Ақысыз оқу кез келген мәліметтерді Алматы қаласы, Пятницкий көшесі, 100-үй. Телефондар: 8 (727) 309-73-65; 8 (727) 309-73-64. ала аласыздар, 2 жыл(10-11 сынып)

  2. Менің Ақерке деген 8 сынып оқитын қызым әскери қызметті ұнатады, әскер қатарына оқуға түсу үшін медициналық тексеруден өтуі керек, бірақ менің қызым оптикалық очки киеді. Ол кедергі бола ма? Қызылорда облысынан хабарласып отырмыз.

  3. Мен Әбілжанов Досхан ҚанатҰлы мен Б. Момышұлы атындағы республикалық кадет корпусына барғым келеді өзім 7-сынып оқушысымын бірақта математика пәні бойынша 4 ке жетпеймін ал Қазақ тілі мен Орыс тілі бойынша жақсымын маған математика пәні кедергі болама деп ойлаймын ?

  4. Сәлеметсіздер ме? Мен 11-сынып оқушысымын , сіздердің институттарыңызда Ұлттық Қауіпсіздік комитеті бойынша лейтенант шеін алуға бола ма ? Алдын ала рахмет!

  5. Саламатсыздар ма?Менің ұлым Жасұлан қазір 5-с. оқиды. Келешекте С.Нұрмағамбетов атындағы “Жас ұлан”мектебіне оқытқым келеді.Оқуға тапсыратын сынақ қашан, қайда болады? Дәрігерлік сараптама өз тұрғылықты мекенінен өте ме, әлде Астана қаласынан ба? Сынақ тапсыратын пәннен қанша балл жинауы керек? Қазығұрт елді мекенінен хабарласып отырмын.

  6. Мен Ескербаев РУСЛАН 8-сынып окимын, казр 14-темін биыл 15 ке толам 9-сыныпты окымайак 15ке толып окыса болама

  7. Ассаламуалекум Уа Рахматуллаху Баракатух . Менын улым Нурмухаммед казыр 3.с окиды. Келешекте С. Нурмаганбетов атындагы”Жас Улан”окыткым келеди. Даригерлiк сараптамадан оз тургылыкты мекенiнен отсе боладима? Алде Астана каласынан ба? Сынак тапсырмасынан канша бал жинауы керек? Тагы бир айтип кетер жайт улым Нурмухаммед ауылды жерден болгандыктан орыс тiлi панинен баяу. Сол кедерги болма деп коркамын. Улым 3.с тыда уздыкке окып келеди.Билем улым але жас. мен улыма накты кай пандерди жаксы окутуым керек.Жане тест тапсиру мерзимы кай уакыттан басталади? Кызылорда обл. Жанакорган ауданы. Кожакент аулынан хабарласып отирмын.

  8. Улым аскери адам болып. Отанымды коргайтын ер журек кайтпас кайсар жигит боламын деп кунде айта журеди. Биз отагамызбен акылдаса отырып улымыздын арман тилектерын орындалуына комектессек деп бел буып отирмыз. Арине ауелы Алланын комегимен. Улымыз отанды коргаймын деп жаксы ниеттерын айтип жатса неге колдамаска деп ойлаймыз. Ар бир ата ана оз баласын жаксы тарбиели акылды окымысты жигерли кайтпас кайсар болганын калайды. Мен барша Казакстаннын ата аналарина тек бакыт аман саулык тилеймын.

  9. Ар кашанда ул кыздарымыздын журегине Аллахым Имандарын берiк етсын! Адамнын иманы кушты болп жигерлы болса. Бары жаксы болади деп ойлаймын. Ар кашанда отанымызда тыныштык болсын деп тилеймын

  10. Сəлеметсіздерме мен аты жөнім Гулсим бұл оқуға жылына қанша төлейді
    Бұл оқуға қыздарға түсуге болама осы жазда 16 ға келем маған түсүге болама?

  11. Ассалаумағалейкум!мен жас улан болгым келеди.мен негізі 6 сынып окушысымын дегенмен 12 жастамын ягни 2004 пін булар акысыз ба?
    Жәнеде Алғашқы әскери дайындық Батыс Қазақстан облысында барма?
    Әлде тек Астана қаласы, Қорғалжын тасжолы, 3-үйде ме?

  12. Сәлеметсіздерме! Менің ұлым биыл 9-сыныпты аяқтайды. Арманы әскери мамандықты иесі болу. Сіздерден сұрайын дегенім:
    1. Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатына түссе, қандай маман иесі болып шығады?
    2.Емтихан уақыты қашан басталады?
    3.Дәрігерлік тексерудан май айынан өте берсе жарайма?
    4.Толық емес отбасы балаларына жеңілдіктер көрсетіле ме?

  13. Сәлеметсіздерме! Алматыдағы Б.момышұлы атындағы әскери мектеп-интернатына қояр сұрағым турникке қанша рет тартылу қажет , және қазақ тілі (орыс тілі) математикадан канша балл алу керек. Өзі жалпы канша сұрақ?

  14. Сәлеметсіздерме!менің қызым биыл 9-сыныпты тәмәмдайды.Осы әскери оқуға түсуді,отанымызға қызмет етуді қатты қалайды.Қызарды қабылдайсыздар ма?Жасы 15 ке толған.Сабағы үздік.Шымкент облысынан хабарласып тұрмын.

  15. Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп интернатына түссе деймін.Мед тексеруден қайдан қашан өтуі тиіс.Емтихан қай уақытта басталады.

  16. Сәлеметсіздерме? Жылына қанша ақша төленеді? Оқуды бітіргеннен кейін қадай оқу орындарына тапсыруға болады? Оқушы қалаған оқу-орнына түссе болама? Және бітіргеннен кейін контракт сияқты заттарға қол қойылама,бір жерде міндетті түрде жұмыс істеу керек деген сияқты?

    • Сәлеметсізбе мен 11 бітірдім мен сіздерге үміткер бола алам ба?УБТ жауабы қажет ба?

  17. оқу ақылы ма қандай құжат және қай уақытқа дейін қабылданады қандай және қалай емтихан тапсырады менің 9сынып бітірген ұлым бар бағалары орташа үздік емес тапсыруға болама

  18. Мен енді тоғызыншы сынып окимын менле математика кедергі .
    Ал кыздарга кпндаи əскери орындарда окуга болады ?

  19. Ассалаумагаликум мен енды мине буйырса 11сыныпты бастайм осы 11 битиргесин окуга тусуме болама Бауыржан атамыздын атындагы оку орында окыгым келеди!

  20. саламтсызба маган актау каласындағы МВД 6656 әскери бөлімнің эл,адресі керек еді документ жірберейін десем бармай тұр

  21. Ассалаумағалейкум,мен Төреханов Полат Аюбханұлы ОҚО-дан,ВДВ яғни АйрҰтқыр Əскери мектебіне түскім келеді,қазір 11сынып оқушысымын,ол оқуға қалай түсуге болады жəне қанша бал жинау керек ҰБТ-дан,өтніш көмек ретінде ақпарат беріңіздерші,

  22. Ассалаумағалейкум,мен Төреханов Полат Аюбханұлы ОҚО-дан,ВДВ яғни АйрҰтқыр Əскери мектебіне түскім келеді,қазір 11сынып оқушысымын,ол оқуға қалай түсуге болады жəне қанша бал жинау керек ҰБТ-дан,өтніш көмек ретінде ақпарат беріңіздерші,
    Жауап беру

  23. Ассалаумағалеикум.Мен 9-сынып оқушысымын.2003 жылы 09 қыркүйек дүниеге келемм,мен сіздерге тапсырсам 14 жата болам-бұл кедергі болама.Мен 1-5 уздік оқыдым,5-7сыныпта 4-5 оқыдым,7-8тоқсандығымннан 3 шықты,бұл кедергі болама жəне нестеуге болады.Сонымен қатар мен бокстан КМС алсам сіздерге түсе аллам ба?

  24. Сәлеметсіздер ме, мен сіздерге жазылған хаттарды оқып отырып, неге жауап жызылмаған деп отырмын. Менің де Алла қолдаса ұлымды осы оқу орнына түскенін қалаймын. Қарағанды қаласындағы “Жасұлан” мектиеп-интернатына, құдай қаласа. 9-сынытан кейін баратын болса, қанша уақыт білім алады. Алла нәсіп етіп, бітіріп жатса одан әрі оқуын жалғастыруына , әскери мамандық бойынша 5 жыл оқи ма, әлде …

  25. сəлеметсіздер ме ?Б Момышұлы атындағы республикалық əскери мектеп интернатына түсу үшын мед тексеруден кашан өту керек емтихан қашан болады

  26. Kizdarga tusuge bolama kandai pander tapsirat kandai dokument kerek akwasi kanwa newe jil okit kalai bolat men ozim endi 10 okitn kizbn wildede 15 tolam vaeinni jarstarga katsp jurm Jas Ulan Aibn respublikalik jarska katisam magan bolama sportka sabak bari jaksi

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз