Намыс

Арманы алдамаған Александр

спортпен қош айтысты

«Астананың» капитаны, қызыл-жарлық Александр Винокуровтың өнеріне тәнтімін. «Спорттық ғұмы-рымды биылғы «Тур де Франста» аяқтаймын» дегенін естігенде, «осы көпкүндіктің қайткенде бір кезеңін ұтса» деп армандап, тілеуін тіледім.

Әттеген-ай, ең өкініштісі, Алек-сандр жарыстың жарты жолында жығылып, аяғын сындырып алды.  Сол күні жауған жауын да, құлдилатқан еңіс те қырын келді. Біздің жанкүйер жүрегіміз Винокуров орнынан дереу көтеріліп, ершігіне қона қа-лып, Контадор мен Шлек сияқты мықтыларды өкшелей қуып, састырған үстіне састыратындай күтіп еді. Жоқ, олай болмады. Қазақ спортының жылнамасына тамаша жеңістер қосқан Винокуров Фофоновтың иығына сүйеніп, алға әрең қадам басты.

Арада бір апта өткенде француз теледидарына берген сұхбатында Александрдың… көңілі босады. Біздің де жан-жүйеміз егіліп, қаһар-манымыздың «спорттан кетемін» деген сөзін қимастықпен тыңдадық. Рақмет саған, Винокуров! Ер болса, сендей болсын! «Астана» командасындағы жарқын жеңістеріңді Асан Базаев, Берік Көпешов, Андрей Зейтц сияқты жас жолбарыстар жалғастырады деп сенеміз. Сенің 2003 жылғы «Тур де Франстағы» үшінші орныңды, «Вуэльтаны» 2006 жылы ұтып алғаныңды, Сидней олимпиадасындағы күмісіңді, ел спортының намысы үшін істеген барлық ерлігіңді ұмытпаймыз! Сені енді білікті басшы ретінде көргіміз келеді.

Серік Қантаев,

11-сынып оқушысы.

«Ұланның» жас тілшісі.

Жаңаауыл ауылы,

Тарбағатай ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы

(“Ұлан”, №30, 26.07.2011)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз