Тікелей М-агент

ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ КӨПШІЛІГІ ІШКІ АҒЗАНЫҢ

КІНӘРАТТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ


Газетіміздің өткен санында уәде еткеніміздей, Алматы қаласындағы Аллергия орталығының дерматологы, С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің дерматовенерология кафедрасының доценті, дерматовенеролог Сәния Оспанова 7 қараша күні сағат 12.00-де «Ұлан» газетінің оқырмандарымен тікелей М-агент арқылы сұхбат өткізді. Сұхбат өте қызықты өтті. Алайда кейбір сұрақтар қайталанып жатқандықтан, бәріне толық жауап беру мүмкін болмады. Десе де, дерматолог маман  жеткіншектерді мазалаған көптеген сұрақтарға жауап берді деп ойлаймыз. Балалар «аты-жөнімізді емес, тек электронды поштамызды жазыңыздаршы» деген өтініш білдірді. Олардың өтінішін орындай отырып, сұхбатты қаз-қалпында ұсынбақпыз.

adai.gulnaz_95@mail.ru (12:00):

Аллергия, яғни, бөртпелер тұқым қуалай ма?

Сәния Оспанова: (12:01):

Әрине, тұқым қуалайды.

Алмабек Ибрайымов (12:04) :

Кішкене шаңның, құмырадағы гүлдің иісі мұрныма келсе болды, түшкіріп, мазам кетеді. Бұл аллергия ма? Қалай құтыламын?

Сәния Оспанова: (12:05):

Ең алдымен үйді, жеке бөлмені таза ұстау керек. Егер өз бөлмеңде құмыраға отырғызылған гүлдер болса, оның сазын тексеру қажет. Беті көгерсе, жапырақтар солса, топырағын ауыстырған жөн. Ал қонақ бөлмеде кондиционер болса, аллергияға ол да әсер береді. Сондықтан салқын режим мен төмен температураны жиі ауыстырған дұрыс. Бұл споралардың көбеюіне жол бермейді. Кондиционердің шарты бойынша ішіндегі сүлгіні уақытылы ауыстырған дұрыс. Егер бұл сақтық шаралары көмектеспесе, кестин, эриус, клартин деген дәрілерді бір уақыт ішкеннің еш зияны жоқ.

Алмабек Ибрайымов (12:11):

Жауабыңызға рахмет. Кейде компьютерге отырған кезде де осындай жағдайлар кездеседі.

Сәния Оспанова: (12:13):

Шаңның жиналмайтын жері жоқ. Әсіресе, компьютерге көп жиналады. Монитор шаңға арналған нағыз магнит десе болады. Осы шаңды байқамай, онымен бірге демалып, аллергияны қоздырамыз. Сол үшін жұмысты бастамай тұрып, арнайы шүберекпен монитор, тінтуір (мышка), пернетақтаны сүртуді күнделікті әдетке айналдыру қажет.

Ғалия Ибрайымова (12:15):

Сәния апай, менің саусақтарым жиі жарылады. Арнайы қолға арналған кремдер көмектеспейді. Оған не айта аласыз?

Сәния Оспанова: (12:16):

Дәріханада қолға арналған колд-крем деген бар. Осыны пайдаланып көрші. Сосын жылы суға ас содасы мен иіс сабынды кішкене ерітіп, 10 минут отыр. Кейін қолыңды құрғатып, жаңағы кремді жақ. Ең бастысы, қолды суық сумен жумауға тырыс. Кейбір балалар қолды кір сабынмен жуады. Ол мүлдем дұрыс емес.

Ғалия Ибрайымова (12:20):

Менің анам күнге шықса болды, беті қызарып, бөртіп кетеді. Неге?

Сәния Оспанова: (12:22):

Күннен қорғанудың қарапайым жолдары көп. Егер күнге қарсы кремдер көмектеспесе, көзге көзілдірік, басқа орамал, телпек (шляпа) кисе болады. Дәріханада күннен қорғайтын «Юнитон гель»,«Ла Рош-Лозе», «Увеблок» – 50-80 деген кремдерді қосымша жағуға кеңес беремін.

Bahon !!!!! (12:23) :

Терi құрғақ болса не істеу керек?

Сәния Оспанова: (12:24):

Егер беттің құрғақтығынан қысылып, мазасыздансаң дәрігерге көрінгенің жөн. Өйткені, алдымен сенің теріңнің қандай екенін анықтау қажет.

d_smakov.kz@mail.ru (12:26):

Құрметті Сәния, тері ауруларын дер кезінде анықтамаса, адам өміріне қауіпті ме?

Сәния Оспанова: (12:27):

Тері аурулары адам өміріне аса қауіпті емес. Бірақ токсикодермия, эритема деген диагноздардың өзіне жетерлік қауіптілігі бар.

Nurlan Akperov (12:30)

Безеуді сығуға бола ма?

Сәния Оспанова: (12:32):

Безеуді сығуға болмайды. Өйткені, бет терісінің терең қабатынан келген іріңнің тек беткі жағын ғана сығып аласың. Ал қалғаны тері астында қала береді. Ол бір-екі апта жоқ болғанымен, қайтадан шығады. Балалар қолын жумай безеуді сыға салады. Қолда неше түрлі микробтар жүреді. Бұл безеуді одан сайын қоздыра түседі. Сол үшін дәріханада «Эфаклар гель», «Эфаклар дуо» кремін пайдалануға кеңес беремін.

dauletbak dauletbak (12:33):

Сәлеметсіз бе! Сания апай, қазіргі жастарда безеу көп кездеседі. Оның экологиямен байланысы жоқ па?

Сәния Оспанова: (12:35):

Бір жақты айту қиын. Бірақ ауа райы да әсер етеді. Алдымен тамақты жөнге келтіру керек. Себебі жастар жартылай фабрикат, гамбургер, дөнер, чипсы, кириешки, кофе, газдалған сусындарды көп қолданады. Оның соңы асқазан ауруларына әкеліп соғады. Безеу, теміреткі, секпіл осының барлығы асқазанға байланысты.

Togjan Kalibekova (12:37):

Бет тегіс болу үшін не істеуге болады?

Сәния Оспанова: (12:38):

Беттегі кейбір дақ, меңдер тұқым қуалайды. Балалар үшін бетті күнделікті жылы сумен жуғанның өзі жеткілікті. Дәріханадан бала-лардың қолдануына рұқсат етілген «Адвантан»,  «Элаком»,  «Липикар синдет», «Цикаппласт» деген жақпа мазьдарды жағуға болады.

Togjan Kalibekova (12:39):

Кейбір қыздар шашын үнемі жайып жүреді. Бұл бет терісіне зиян емес пе?

Сәния Оспанова (12:40):

Егер бетте безеу, секпіл болатын болса, жайылған шаш ауруды қоздыра түседі. Себебі шаштың ұштарына қоршаған ортаның шаң-тозаңдары тез жабысады. Олар барып бетке жанасады. Өзі іріңдеп тұрған безеуге шаң, микроб түссе, жараның беті жайыла түседі.

Бибінұр Қонысбай (12:42):

Секпіл дегеніміз не?

Сәния Оспанова (12:45):

Секпіл – сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Негізі бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Көктем, жаз айларында көбейіп, қоңырқай дақтарға айналады. Ал қыста бәсеңдейді. Оны бір жола жоқ қылудың жолы жоқ.

Бибінұр Қонысбай (12:47):

Секпілді байқатпауға бола ма?

Секпілдің дағын байқатпау үшін бетті қатықпен, ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығының 3 пайыздық ерітіндісімен сүрткен тиімді.

Жазғы уақытта бетті лимонның шырынымен сүрткен пайдалы. Секпілді түссіздендіру үшін «Мелан», «Ахромин» кремдерін пайдалануға болады. Бетті жақсылап тазалап алған соң кремді жағып, 40-60 минут ұстап, мақтамен сүртіп тастау керек. Бұдан кейін бетті жуудың қажеті жоқ. Бұл кремдерді күндіз көшеге шығарда жағуға және жүкті әйелдерге пайдалануға болмайды.

Бейбарыс (12:50) :

Безеу жасы үлкен кісілерде де болады. Бұл неліктен?

Сәния Оспанова (12.52):

Безеу – адамның терісіне шығатын бөртпе. Безеудің жас кезде шығатын қарапайым түрі мен ересек кезде шығатын қызғылтым түрі бар. Көбінесе баланың өсіп толысу кезінде (13-16 жаста), жүйкенің ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан бөрткен ретінде пайда болады.  Безеу сығып құртқаннан жазылмайды. Қайта өршіп көбейіп кетеді.  Оны тек дәрігердің нұсқауымен емдеу керек. Безеуі бар адамға көп майлы ет жеуге болмайды.  Қантты, балды, тағы басқа тәтті тағамдарды аз жеу керек.  Көбінесе, көкөніс, сүттен жасалған тағамдар жегені дұрыс. Ұйқысын қандырып, таза ауада серуендеп, спортпен шұғылдануға тиіс.

Бейбарыс (12:56):

Безеудің алдын алуға бола ма?

Сәния Оспанова (12:57):

Бейбарыс, бетің мен денеңді бір сүлгімен сүртесің бе?

Бейбарыс (12:58):

Бокске қатысамын. Сол кезде сүртуге тура келеді.

Сәния Оспанова (12:59):

Міне, бұл дұрыс емес. Бір сүлгімен барлық денеңді сүртсең, микробтардың таралуына көмектесесің. Беттің терісі қалған дененің терісіне қарағанда нәзік. Жастықтың қабын жиі ауыстыру керек.  Жастықтың сырты екі аптадан аса уақыт ауыстырылмаса, бетіңізде микробтарды қоздырып, безеулердің таралуына көмек береді. Бетті қолыңмен сипап, ұстай беруде жаман әдет. Бетің қанша жерден қышып, мазаң кетсе де, алдымен қолыңды сабындап жуғаның жөн.

Марат Қаниев (13:00):

Үлкен кісілер немесе балалар күйіп қалған жағдайда тіс пастасын, сүтті жағады. Осы дұрыс па?

Сәния Оспанова (13:01):

Алғашқы көмек ретінде қолдануға болады. Оның еш зияны жоқ.

Марат Қаниев (13:02):

Күйіктен кейін тыртық қалып қояды. Осыны кетіруге бола ма?

Сәния Оспанова (13:05):

Дәріханада «Цикатикс» деген крем бар. Алайда алдымен күйіктің қай кезде болғанын, қанша уақыт өткенін анықтау керек.

Diko 83-96 (13:10):

Өткенде теледидардан безеудің үстіне алманың шырынын жақса тез кетеді деп айтқан еді. Мен жасап көрдім. Бірақ еш пайдасы болмады.

Сәния Оспанова (13:06):

Айналайын, мұндай нәрселердің толық пайдасы бар деп айта алмаймын. Себебі, халық емі әркімге түрлі әсер етеді. Жоғарыда айтылған дәрілерді қолдануға кеңес беремін.

Ailan* (13:10):

Қазір «Мери Кей», «Орифлейм» сияқты косметика шығаратын фирмалар көп қой. Осыны жас қыздарға қолдануға бола ма?

Сәния Оспанова (13:12):

Егер крем, сықпа мазьдар теріге сәйкес келетін болса, қолдануға болады. Бірақ тым көп қолдану бетті құрғатып жібереді. Ал оқушыларға зиян екенін баса айтқым келеді.

Ailan* (13:15):

Мен мектепте оқимын. Бетіме опа жағуыма бола ма?

Сәния Оспанова (13:15):

Әрине, болады. Бірақ балаларға арналған кремдерді ғана.

Тікелей М-Агентті жүргізген

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

(«Ұлан», №46,13.11.2012)

53 ПІКІРЛЕР

  1. Салеметсизбе Сания апай?Жасым 37де.Бетіме аллергия жиі шыга бастады.Аллергологга барганымда маган цитрустан,куырылган тамактан,тосаптардан бас тартыныз деді.Жазып берген дарілері элаком кремі,ксизал ,кетотифен таблетка жаксы комектеседі ішпесен кайта шыгады.Кандай шөп дарімен уйде емдеуге болады.

  2. сәлеметсіз бе Сәния апай?менин жасым 12де менін анам банан жесе болды аллергия шығып кетеді дәл казір маган катты көмек керек көмектесіңіші өтінем

  3. Саламатсыз ба,Сания. Мені мазалап жүрген аяғыма қызарып күйген сияқтыбірдене. Қол тигізбей ауырады.только аяғымда әсіресе санымда көп.журсемде отырсамда пуырады . Дәрігерге баруға қорқамын диогнозды дұрыс қоймаса қайтем деп.Қыздарым әлі жас. Не болуы мүмкін,қандай совет берер едіңіз.Рахмет.

  4. салеметсизбе.8айлык сабидин аллергиядан бетине шыккан жараны калай кетируге болады?

  5. Саламатсызба! Менин мурным мен иегимнин астында кызыл кулдиреп туратын сиякты жаралар бар кышиды және кабыршыктанып кетеді ол неден және калай емдеуге болады .

  6. Балаларға арналған АДВАНТАН 0,1 кремнің көп пайдаланғаннан ағзаның басқада жерлеріне зияны болмай ма екен, соны білгім келеді.

  7. Caлеметсызбе.менын бетым кургап кабыршыктанып кетеды.кабыршык болган жер карайып тура беты жуылмаган адам кусап журемын нестесем болады

  8. Салеметсизбе,Сания апай?Менин сурайын дегеним,мурнымнын териси кабыршыкталып ашыла береди.Кысы-жазы осылай не стеримди билмим.2жылдай болды.Жасым 17де.Кандай крем жаксам болады???

  9. салеметсизбе,Сания апай!мен сизден сиурайын дегеним 2 жарым жаста кызым бар еди сонын кулагынын артына суланып бир нарсе шыкты териси алынып суланып турады ол еще узара береди не истесем болады?

  10. Саламатсыз ба? Менин баламнын басы катты кышиды сосын ол жара болып калады? Кандай мазь пайдалануга болады???

  11. Сəлеметсізбе Сəния апай, менің қысылатын нəрсем ол бір денедегі белгісіз дақтар, жарыққа немесе бөлмедегі ақ лампа жаққан жарыққа шықсам мойнымдағы иегімдегі дақтар жəне көзімнің астындағы дақтар көзге қатты көрініп тұрады, көрген адам айтады соны маған қатты ұялам ? 2013жылы мен жеңшемнің үйінде қонып қалған болатынмын мен байқамай кішкентай көөпп құмырсқаның үстіне ұйықтап қалыппын азанда тұрсам бірдеңелер тістеп алды уудай ашып жатыр денемнің барлық жері сөйтіп орнымнан тұрып қарасам кілең көөп шмалдар мені шағып тастаған, денемнің бетімнің барлығы қыпқызыл бөртпелер арқамды ұстасам шариктер бүлкілдеп тұр жаман қышыды талай күн шариктер жарылды удай ашыды….кейіннен самайымнан маңдайымнан көгерген дақтар қалып қойды бүкіл тұла бойыма дейін… сіз ойлап қалмаңыз ветерианка деп ол бұрын кішкентайымда шыққан….
    қазір соның салдарынан іздері дақтары қалып қойды…. бірақ сəл кеткен сияқты…. мен жаман киналдым аягымнын бари колдарым кайызгактана бастады колыммен уйкелесем кабыршактар туседи кайызгактанып… олар кетти кайта… докторларга кориндим бирак менин айткандарыма сенбиди курмыска шакканда ашшы уы тарамайма ол денеге…ешкайссы билмеди….
    Жарык саулеге шыкканда катты билинеди оны калай кетирсем болады бирак мына жазуым менин тен жартысы жазып жеткизе алмаймын 19жастамын…
    ?? денемдеги белгисиз дактар кетсе екен О Алла!! Иегим мойным колдарым полностью кара дактар қал сиякты….

  12. Көздің асты неге қарайып тұрады жəне қатты қалған беттегі бұрыннан қалған тыртықты қалай кетіруге болады??

    Жəнеде менің сіңлім 10жаста түнде ұйықтағанда ол жіберіп қоя береді ұйқысы қатты.. ол неліктен?

  13. Салеметсізбе Сəния апай?Өтініш маған жауап беріңізші.менің тобығыма қышыма сияқты беті қабыршықтанып,əсіресе түнде жатқызбай қышытады.оны қалай емдеуге болады.5-6 жылдың көлемі болды.дерматологтарга бардым.олар тек мазь береди.олар көп əсер етпей жатады.уақытша ғана.өтініш сізден жакап беріңізші

  14. саламатсызба мен Байконыр каласында турамын жасым 20 да аллергиям бар, Астанада аллергический центрге корынгем бирак тук комегы жок. дурыс дема алалмаймын нафазолин колданам мурным бытелып баска не колдануга болады калай кутылуга болады аллергиядан кандай кенес бересыз

  15. Саламатсызба Сания апа.Жасым 36да үстімде жара жəне жараның іздері жоқ.3 апта болды денемнің ине тыққандай қыши береді.бұл неден болатын жағдай.

  16. Сәлеметсіз бе Жәния апай. Апай мен сізден сурайын дегеным менын бетиме безеу шығып еды соны калай кетыруге болады?

  17. Тағы айтайын дегеным; Сания апай менын мамнын аяк тырнағы теры арасында кіріп өседы соны калай кетырсе болады???

    • Салеметсіз бе? Витилиго ауруының емін білесіз бе? Бұл тері ауруымен ауырып жүргеніме 5-6 жыл болды.Куннен күнге жайылып келе жатыр. Ақ дақтардан қатты ұяламын.Өтінем кеңес берсеңіздер.Алдын ала рахмет.

  18. Сания апай менің айтайын дегенім алақанымен мен табаным қатты терлейді.Соған арналған қандай дәрілер бар.Адамдармен қолмен амандасуға ұяламын қолым қатты терлеп Кете береді.

  19. Салеметсизбе! Менин денеме маса шаккандай болып кызарып жара толып бара жатыр, еки кун болды неден екенин билмей отырмын?

  20. Салеметсыз бе.менын жасым 14 те.Мены мазалаитын сурак осыдан 2 жыл бурын жамбасыма бөртпе шыққан еді,ал мены озы кететын шыгар деп жкре бердым содан уакыт өте келе саныма,колдарыма,иығыма,аркама шыға бастады.Сосын дарыгерге каралдым олар дары беред дарысын ыштым 1 аптага кетед сосын каитып шыгады тунде жане терлеген кезде катты кышиды касыганнан кеиын канап кетеды. Тауыпкеде емшыгеде бардым еш натиже болмады сабын туз окып береды осыны кабылдаганнан кеиын каитып шыгады.Анализдерде тапсырдым бырак бары таза болып шыкты енды іш күрылысын дурыс емес диета уста деп жатыр.Жане улкен даретке 2 кунде 1 рет барам. Осыган не ыстесем болады отыныш емын тауып бересыз бе?

  21. Сәлеметсіз бе ! Менің сіңілімнің құйрығына сүйел сияқты бір нарсе шығып еді , өзі кетіп қалады деп оилап едік кетпеды , енді міне жақында біреуы ауырып қышыды , отырғызбады , тырнаса қанап кетеді. Не істесе болады өтінемын көмектесіңізші.

  22. Саламатсыз, менде былтырдан бастап суыктан ба билмим биринши бой осердеги безим исип ауырып артынша балтырымнан ушык сиякты шыгып ауырды и сандарымнан бездер шыгып кетти. Ушык ка ацекловир жактым ол вроди кеткен.. но санымдагы бездер али тур. Устасам оте коп,,, баста аяк колдарып зынылдап ауырган синир тартылгандай. 8 айдан асты без тур каксайды балтырларым. Бул безди калай кетируге болады. Жане зияны барма бул бездин?? Жауабынызды асыга кутемин. Улкен рахмет.

    • Салеметсизбе? Сизге жауап бере алдыма сурагынызга? менде де сол маселе еди. балтыр, бел сол жерлерге безеу шыгып еди бассам ауырады. Туйнек болып тур. Кыйын болмаса маганда айта аласызба?

  23. Салеметсизбе Сания тате. Сурайын дегеним бетимде тери асты будир будир бирдене бар. Сыксан ишинен ирин шыгады бул не екенин тусинер емеспин кышиды. Безеу дейн десем безеуде сыртка шыгадыгой кызарып ириндеп. Менде тер астында. Калай немен кетируге болады екен не истесемде алергия шыгады. Отинем бул не кетиретин жолы болса айтынызшы.

  24. Сания апай менин уш балам бар.ушеуинде устинен жара кетпейди кызарып бортип.3жыл болд жагаласып жургениме.Актобеге 2рет барып келдик чесотка деп диагноз кояды кеткендей болады.Кайта шыгады.не истеуге болады?шаршатып жиберд?

  25. Сәлеметсіз бе? Менің балам студент 22 жаста. Басына жара көп шыға береді.Жараның аузы жоқ, шашсыз жылтыр томпақ болып ісіп тұрады. Ұстаса қатты ауырады дейді.Бұл жара неден пайда болған және емі қалай болар екен?

  26. 2айлык баламен температура берип бир апта болницага жатп шыктым сол жакта цефазалин укол салгалы денеси бортип аллергия шыгып содан али денесиндеги аллергиясы кетпей жатр казир енди 1аптадан асты нестесем болад

  27. Сəлеметсіз бе? Менің қызыма бүгін 5 (4.09.17) ай болды. Қызымның басында қызыл бөртпелер пайда болды. Дəл төбесінде. Беті сарғайып қатып қалады. Сүртіп тазаласаң қайтадан жасарып суланып қайта қатады. Не істеу керек? Жауап күтемін.

  28. Саламатсызба Сəния апай. Сізден сұрайын дегенім Денем əсіресе ішім, саным көп шыдатпай қышиды. Ол неліктен екен? Екі айдай болып қалды қышып жүргеніне. Бұрын мұндайы жоқ еді

  29. Сəлеметсізбе Менде 10күндей уақыт болды денем əр бөлі түсініксіз қыши берді соңғы кезде аяғым нақтырақ табан жəне оның үсті көп қышиды осының салдарынан ұзақ уақыт ұйықтай алмай жатамын. Не істесем болады?

  30. Саусактвн басына жарама не екенин билмеймиз биринен кейн бирине жугып жатир не екеннин ким биледи

  31. Салеметсиздерме! Менин сурагым балам бир жарым жасар бетине кызыл дактар маса шаккандай сиякты бирак маса шакпаган врачка барсак вишновкий маз берди басында бир еу гана един казир кобейп бара жатыр не истеймин комектесиниздерши отиниш врачым ештене айтпай жатыр

  32. Саламатсызба 2 кун бурн суга тусп едм келесы куны температурам котерлды ишм отты бугн жазылдым брак екы колмда денемде кызыл дактар шыкты

  33. Менің бір қолым құрғап , терісі түскен; кейде осы қолым пышақпен кескенге ұқсап қанап кетеді. Бұл қандай ауруу??

  34. Менин қарындасым ның денесине қызыл алергиялар шыгып кетти бурын сонды болмаган нестесек болады.

  35. Салеметсизбе сизден сурайын дегеним кишкентай балам 1.10аскан аягына Бир АК кабыршык сиякты боп бирденке шыккан содан кызарып денесине тарала бастады дерматолога апарып едим темретке алергиялык Турине уксайма департамента темреткеге 3ре анализ тапсырдык Бирск темиретке болмады Адвантан Жане Фенистил и аксивирный угол деген дари ишти Соны Берлин врач комектеспеди кайта высылай тетип шыгып жатыр денесине жара сиякты боп акылынызды айтынышшы не истесем болат

  36. Саламатсызба. Менин жолдасымнын колында, терисинин ишинде коптеп ак дактар пайда болды. Калай кетируге болады немесе не ушин пайда болды. Кауипти нарсема. Рахмет, сиздерден жауап кутемин

  37. Сәлеметсізбе менің бетіме көп қал шыға бастады бұрын жоқ еді қазір әр жерде бар. Бұны кетіруге боладыма және мені безеу мазалайды онымен калаи күресуге болады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз