26-28 маусым аралығында Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тәлімгерлерге арналған 5 күндік онлайн-тренинг өтті. Тренинг Атырау қаласындағы «I-SEED: инновация, әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» халықаралық жобасының маңызды бөлігі. Жоба Атырау қаласындағы жастарды дамыту бағдарламасының аясында, British Council (Британдық Кеңес), «Шеврон» компаниясы және басқа да қазақстандық ұйымдармен бірлесе отырып, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Тренингті халықаралық сертификатталған жоба менеджері және жобаларды басқару бойынша жаттықтырушы, жобалар мен бағдарламаларды басқару бойынша кеңесші Зарина Биюмбаева жүргізді.

Іс-шараға қоғамға оң өзгерістер енгізуге құштар, StartUP Battle қатысушыларына өздерінің әлеуметтік маңызды идеяларын сәтті жүзеге асырып, ұсынуға, өмірлік дағдыларын дамытуға және болашақта еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға көмек көрсете алатын, Атырау қаласының әлеуметтік белсенді кәсіпкерлері жиналды.

25 жаңа тәлімгерге тәлімгерліктің негізгі ұстанымдары үйретілді, атап айтсақ, қызығушылық таныту, құрмет көрсету, оқуға деген құштарлық, уақытты дұрыс әрі тиімді инвестициялау, қол жетімділік, тиімділік және ерікті болу.

Михаил Щадилов, бизнес-тренер және маркетинг және сату бойынша кеңесші, MBA (маркетинг және сату), кәсіпкер: “Менің әрқашан өз тәжірибеммен бөлісіп, бизнес пен кәсіпорын құруда жастарға қолдау көрсеткім келеді. Мен өз бизнесімді бастаған кезде ешқандай ресурстар, бизнес періштелері, тәлімгерлер мен гранттар болған жоқ. Енді I-SEED жобасы жастарға осындай мүмкіндік беріп отыр. Мен I-SEED жобасы арқылы менторлық (тәлімгелік дағдыларын) және кеңес беру негіздерін үйреніп, қазіргі таңда жастардың кәсіби деңгейлерін арттырып, оларды қолдау мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Енді мен StartUP Battle қатысушыларына әлеуметтік бизнестерін ашып, 3000 АҚШ долларын ұтып алуына көмектесу үшін барынша жәрдемдесуге дайынмын”.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз