«АЯЛА» қайырымдылық қоры H&M Қазақстан қайырымдылық шарасының шеңберінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының табысы аз 104 отбасына жаңа киімдер берді. Бұл қордың COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы салдарларымен күреске бағытталған он төртінші жобасы.

Әлемде коронавирустық инфекцияның қарқынды тарауына және оның елеулі салдарларымен байланысты H&M Қазақстан жергілікті деңгейде қайырымдылық көмек беру туралы шешім қабылдады. «АЯЛА» қорын қоса алғанда, небәрі 3 қайырымдылық қоры арқылы Қазақстан халқының әлеуметтік тұрғыдан осал санатына жалпы 38 млн теңге сомаға 8000 дана киім және аяқ киім берілді.

Компания балаларға қолдау көрсету орталықтарына, балалар үйлеріне, табысы аз отбасыларға, медицина жұмыскерлеріне және күрделі өмірлік жағдайға кезіккен қазақстандықтардың басқа топтарына ерлердің, әйелдердің және балалардың киімдерін таратып берді.

«АЯЛА» қоры H&M Қазақстаннан ересектер мен балалар үшін 2000 дана жаңа тоқымы бұйымдары мен аяқ-киім алды. Бұл көлемнің көпшілік бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы табысы аз 104 отбасына берілді. Бұл табысы аз немесе толық емес отбасылар. Олардың көпшілігі денсаулық жағдайы бойынша айрықша мұқтаждығы бара балаларды тәрбиелеп отыр. Биыл сәуір және мамыр айларында көпшілігі қордан үлкен азық-түлік қоржындар түріндегі көмек алды. Нақ осы уақытты олар қор қызметкерлеріне өздері мен балаларына киім сатып алуға қиналып жүргендерін айтқан еді.

Қор H&M Қазақстаннан алған заттар көлемінен 135 қорап: Нұр-Сұлтан қаласы үшін 89 қорап және Алматы үшін 46 қорап жасады. Қор қызметкерлері 104 отбасының әрқайсысына алдын ала қоңырау шалды. Олар киім мен аяқ-киімге нақты мұқтаждығын білді, отбасының әрбір мүшесінің киім мөлшерін нақтылады. Осылайша атаулы көмекке арналған қораптар қалыптастырылды. Оларға ерлер мен әйелдерге арналған киімдер – кардигандар, джинсілер, спорт шалбарлары, футболкалар, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған киім мен аяқ киім: іш киімдер, шұлықтар және тіпті қыздарға арналған балалар сөмкелері кірді.  

Нұр-Сұлтанда H&M-нің жаңа заттары салынған 9 қорап Қ. Мұңайтаспов атындағы олимпиада резервінің спорт мектеп-интернатына берілді. Мұнда өңірлерден келген және табысы аз отбасылардың балалары оқиды. №1 арнайы мектеп-интернатқа 10 жетім бала үшін 1 қорап берілді. Елорданың мұқтаждығы айрықша балалары бар табысы төмен әрбір отбасы бір қораптан киім және аяқ киім салынған 70 қорап алды. Тағы 9 қорапты Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан «Урюпинка ауылының балабақша-спорт-интернаты» КММ-гі айрықша мұқтаждығы бар 84 бала алды.

Алматыда табысы аз отбасыларымен қатар киім мен аяқ-киім жиынтығын «Сәбилер үйінің» балалары алды – қор оларға киім салынған 3 қорап берді. Тағы 9 қорап № 2 арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне берілді.

«Біз Қазақстандағы H&M ауқымды бағдарламасына қосылуды және мұқтаж адамдарды қазір оларға өте қажет сапалы киіммен қамтамасыз етуді қуанышы санаймыз. Пандемия салдары қазақстандықтардың ең осал топтарын – көпбалалы немесе толық емес отбасыларын, мұқтаждығы айрықша балалары бар отбасыларды қозғап отыр. Біз өз қамқорлығымызға алған адамдармен үнемі байланыста отырмыз. Осының арқасында екі қалада бірдей мекенжайына жеткізіп беруді тез ұйымдастырдық. Қор өз қолдауының көлемін кеңейту және COVID-19 вирусынан болған еліміздегі жағымсыз әлеуметтік салдарларды барынша азайтуға көмек беру үшін жаңа мүмкіндіктер мен серіктестер іздеуді жалғастырады», – деп пікірін білдірді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.    

Табысы аз отбасылармен жұмыс – бұл қордың жаңа бастамасы. Отбасылардың тізімі Нұр-Сұлтан және Алматы әкімдіктерімен бірге жасалады. 2020 жылғы сәуірден бастап маусымға дейін бірнеше жобаларды іске асырудың нәтижесінде табысы аз 184 отбасы «АЯЛА» қорынан азық-түлік қоржындар мен киімдер алды. 

COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы салдарларын жою үшін «АЯЛА» қоры ірі демеушілерден 130 млн теңгеден астам қаражат тартты. Қор президенті Айдан Сүлейменованың бұл жобаларға қосқан жеке үлесі 53 млн теңгеден асты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз