«Qolda» жедел көмек көрсету жобасы аясында 5 елордалық ұйым әлеуметтік жағынан осал тұрғындарына көмек көрсету бойынша жоспарланған іс-шараларды өткізді.

«Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ еріктілері 62 азық-түлік қорабын таратты. Келесі аптада буып-түюмен айналысқан еріктілер мен автоеріктілерге толстовка дайындау жоспарланған.

«Болашаққа қадам» ҚҚ өкілдері «Кидс Мода» дүкенінен алынған киімдерді аутрич-қызметкерлерінің балаларына таратты. Өткен аптада 7 балақай киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Осы аптада қалған 3 балаға көмек жеткізіледі.

«Мұқтаждарға көмек» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры көмекке зәру 45 отбасыға азық-түлік қораптарын жеткізді. Жоспар бойынша тағы 50 отбасыға көмек көрсетіледі. Акция барысында жалғызбасты аналар, табысынан айырылған көпбалалы отбасылар, азық-түлікке мұқтаж мүгедек балалары бар отбасылар қамтылды.

«QAREKET Жақсылық жаса» қоғамдық қорының өкілдері мұқтаж отбасыларға тарату мақсатында көшеттер сатып алды. Акция келесі аптаға жоспарланған. Сонымен қоса, әйелдерден тұратын топ құрылып, жақын күндері аспаздық дағдыларын үйретуге арналған онлайн оқыту іске қосылады. Өткен аптада қоғамдық қордың әлеуметтік желідегі парақшасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы пост жарияланды.

«Дос» Тәуелсіз өмір» МҚБ өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұратын 8 отбасыға азық-түлік қораптарын жеткізді. Сонымен қоса, акция ұйымдастырушылардың визиткалары таратылды. Яғни, көмек немесе кеңес керек кезде тірек-қимыл жүйесінің аурулары бар адамдар тікелей хабарласа алады. Келесі аптада күніне 2 отбасыға телефон арқылы кеңес беру жоспарланған.

Алматы қаласындағы «Qolda» жобасы

«Qolda» шұғыл көмек жобасы барысында өткен аптада Алматы қаласында 5 ҮЕҰ
міндеттерін орындады.

«Родник» ҚҚ Алматы қаласында тұрып жатқан Тәжікстан және Өзбекстан азаматына барлығы 9 азық-түлік және гигиена құралдарын тапсырды. Жалпы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» акциясы барысында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан азаматтарына 100 комплект гуманитарлық көмек көрсетілді.

Қазақстандағы Отбасылық бизнес ассоциациясының «Жедел жәрдем» жобасы аясында карантин және ТЖ аяқталған мемлекеттің бизнеске қандай қолдау көрсететіні туралы вебинар өтті. Алматы облысы бойынша 82 кәсіпкер бизнесті дамыту үшін мемлекеттен қандай мүмкіндіктер алуға болатыны туралы ақпарат алды. Одан бөлек, ШОБ өкілдерімен 104 кеңес беру ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі кезде бизнесті дамытудың әдістерінің бірі – мемлекет көмегіне жүгіну. Алайда бұл істің
қиындығын әрі ұзақ уақыт алатынын алға тартып, көмекке жүгінбейтін кәсіпкерлер баршылық.

«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» «Сен жалғыз емессің!» жобасы аясында мамандар қашықтан телефон арқылы психологиялық және консультациялық көмек беріп жатыр. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде еріктілер мүгедек баласы бар 30 отбасыны құттықтап, сыйлықтар беруді жоспарлап отыр.

«Тауасар» ТЖ жобасының аясында «Aq Jurek тәуелсіз қайырымдылық бастамасы» Алматыда медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыруды жалғастырып жатыр. 11-17 мамыр аралығында дәрігерлер, санитарлар, фельдшерлер және жедел жәрдем қызметкерлеріне 1078 түскі және кешкі ас ұйымдастырылды. Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық аурухана, Қазақстан санаторийі, Орталық қалалық клиникалық аурухана қамтылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз