АҚШ, Қытай еліндегі IT және қаржылық технология, компьютерлік инженерия саласы бойынша мамандар даярлайтын үздік 5 оқу орны шымкенттік оқушыны қабылдауға дайын.

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Есдәулет Рахматулланың алдында маңызды таңдау тұр. Өйткені мектеп бітірушінің қабілеті мен қарымын жоғары бағалап, оның сапалы білім алуына мүмкіндік сыйлаған оқу орындары жартылай және толық негізде грант ұсынып отыр. Олар –  Пердью университеті (Purdue U), Дьюк Куншан университеті (Duke Kunshan U), Гонконг политехникалық университеті (PolyU), Гонконг қалалық университеті (CityU), Гонконг ғылым мен технология университеті (HKUST).

«Мен өзіме сендім. Сабақ үлгерімім үздік және халықаралық сынақтардан да жақсы  нәтиже көрсеттім. Бұл маған сенімділік сыйлады. Ешқашан мүмкіндікті жібермеу керек деп ойладым. Ойымда жүрген бірнеше шетелдік оқу ордасына құжат жібердім. Дені менің қабілетімді жоғары бағалап, шақырту жіберді. Өте қуаныштымын», – дейді Ердәулет.

Зияткер оқушы қоғамдық жұмыста да белсенді. Түрлі жарысқа қатысып, өзін байқап көруді ұнататын. Мәселен, 2019 жылы Мәскеудегі Халықаралық Вернадский атындағы ғылыми жұмыстар сайысындағы 1-орын иегері; Халықаралық және оңтүстіккореялық TUNZA Eco-generation by Samsung Engineering and UNEP ұйымы бағдарламасының Қазақстандағы амбассадоры (1 жыл); Қазақстан экологиялық жағдайы жайлы ғылыми жазбалардың авторы.
Еңбекқор түлектің мақсаты – ең алдымен сапалы білім алу, нағыз маман иесі атану, өз еліне қызмет ету.

Шымкент қаласы НЗМ баспасөз бөлімі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз