Аружан Кеңесова – жас өнертапқыш. Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. Аружан PlayGround  деген атпен балаларға латын әріптерін үйрететін арнайы алфавит тақтасын ойлап тапты. Қосымшаның қалай жұмыс істейтінін жас өнертапқыштың өзі айтып берді.

– Алғашында жобаны әліппе болады деп ойладым. Робототехникадан сабақ беретін мұғаліміме жемістерден жасалған пианиноның видеосын желіден көріп, қайталағым келетінін айттым. Кейін бұл идея жаңа заңның шыққанына байланысты өзгеріп, латын графикасын үйрететін платформа болып өзгерді. Жобаны құрастыру барысында қатты қиындық болмады. Бірақ ең тиімді платформаның дизайнын құрастыру жолын ұзақ іздедік. Жасап шығаруға 2-3 ай уақыт кетті. Ал форматын жасауды бір жарым жыл  жасадық. Алғашқы эксперимент сәтті шықты. Біз платформаны екі апта бойы «Құлагер»  балабақшасындағы қазақ тілі кабинетіне орнатып, мұғалімдерге қолдануды үйреттік. 2-3 күн сайын балабақшаға барып, кері байланыс орнаттық. Нәтижені бақыладық. Қосымшаны жәрмеңкелерге шығардық. Инвесторлар қызығушылық танытты, бірақ ешкім сатып алмады. Қазір үш данасы бар. Ал нақты жұмыс істеп тұрғаны біреу ғана. Болашақта осы саланы дамытқым келеді. Идея өте көп. Әзірге құпия болып қала берсін. Оң нәтиже берсе, сіздермен бөлісетін боламын, – деп әңгімесін аяқтады Аружан.

Зарина РАХМЕТОВА,

№49 мектептің 11-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы

“Ұлан” газеті, №18

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз