Коронавирус індеті анықталған науқас саны бойынша АҚШ әлемде бірінші орында тұр. Біз бүгін Америка мектебінде оқып жүрген қазақ оқушысынан қашықтан оқуға көшу қалай жүзеге асқаны және интернет мәселесінің шешілуі жайлы әңгімелестік.

Достар, біз бұған дейін Flex бағдарламасымен АҚШта бір жыл тегін оқитын Күнікей Жұртбай жайлы жазған болатынбыз. (http://zhasorken.kz/?p=31885) Сол себептен тақырыпты бірден қашықтан оқу  жайлы бастадық.

Қашықтан білім алуға қашан көштіңдер?

– Біз үшін сабақтың (мектептегі) соңғы күні 13 наурызда (жұма) болды. Алдымен бізді демалысқа жіберіп, сол аралықта мұғалімдер қашықтан білім алу жоспарын жасады. Ал жоспар бойынша алғашқы онлайн сабағымыз дүйсенбі, 16 наурыз күні басталды. Бұған дейін мұғалімдер апта бойы бізбен вирус тақырыбында сөйлесіп, әлемдегі жағдай туралы әңгімелеп жүрген. Коронавирустың бірінші әрі қатты әсері  тиген Еуразиялық мемлекеттерді мысалға келтіріп, біз де мектепті жабуымыз мүмкін деп айтқан еді. Мектеп жабылса, сабақты әрі қарай онлайн оқи береміз, тек тақырыптарды өздеріңе меңгеруге тура келеді деп ескерткен. Тарих мұғаліміміз әр сабақтың басында вирустың дүниежүзілік статистикасын көрсетіп, болжамдар мен жалпы жағдай туралы айтып беріп жүрді.

  • АҚШ-тағы оқушылар онлайн оқуды қалай қабылдады?

– Сабаққа керек ақпараттың бәрі ғаламтор арқылы берілгендіктен, бұған дейін де кітапты мүлде қолданбайтынбыз. Сондықтан біз үшін үй жұмысын орындауда ешқандай өзгеріс енген жоқ. Бірақ, әрине, нұсқап, түсіндіріп беретін адамның жеткіліксіздігі сезіледі. Соған қарамастан, онлайн оқуға көшу процесі тез әрі өте жеңіл өтті. Мұғалімдер жағдайға тез ілесіп, оқу жоспарын дайындап, техникалық сұрақтарды уақытылы шешіп үлгерді.

Қазақстанда сабақтар bilimland, daryn online білім беру платформалары және «Балапан» телеарнасы арқылы өтіп жатыр. Сендерде қалай?  

– Карантинсіз де Google Classroom қосымшасын кеңінен  қолданып жүргенбіз. Оқуға қажет ақпараттың бәрін мұғалімдер сыныптың қабырғасына пост түрінде жариялап қоятын. Сол себептен үй жұмысын орындау процесі біз үшін үлкен өзгеріс болған жоқ. Сабақ көлемі де тым көп болып кетпеді, мұғалімдеріміз біз үшін барынша жеңілдетіп беруге тырысты. Бүкіл жұмыс электронды түрде жасалады. Математика пәнінен мұғалім және барлық оқушы Zoom қосымшасы арқылы видеомен сөйлесіп, есептерді бірге шығарамыз. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін мұғалімдер YouTube туториалдарымен немесе өздері түсірген видеоларымен бөліседі.

Елімізде кейбір аймақтарда интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. Сол себепті онлайн білім алу ауылда оқитын көптеген оқушыға қиындық туғызып отыр. Сұрағым келгені, Америкада осыған ұқсас проблема бар ма?

– Мен тұрып жатқан отбасыда ғаламтордан проблема жоқ. Дегенмен, мен баратын мектепте интернетпен қамтамасыз етуде қиындық көріп жатқан оқушылар бар. Бұл  мәселені шешу үшін мұғалімдеріміз онлайн оқу басталғасын бір апта өтпей-ақ, бірнеше апталық оқу жоспарын қағазға түсіріп, интернеті жоқ балалар мен ата-аналарын оқу жоспарын мектептен алып кетуге шақырды. Карантин біткеннен кейін мұғалімдер орындалған жұмысты тексеріп, бағасын қоятынын айтты. Сондай-ақ отбасылық жағдайына байланысты таңғы және түскі асты тегін ішетін балаларға әлі де тегін тамақ жасалып, мектептен алып кетуге шақырады.

Қашықтан оқытудың артықшылығы мен кемшілігі қандай?

– Қашықтан оқығанда ұйқыны қандырып, кеш тұрып, үй киімінде оқуға болатыны басында артықшылық сияқты көрінгенімен, ең жақсысы мектептің өзінде оқу екеніне күннен күнге көз жеткізіп келемін. Мектебімді, мұғалімдерімді, достарымды қатты сағындым. Американың қаладағы қызықтарын көрмей жүргеніме қынжыламын. Алайда, амал жоқ, дүниежүзі осындай жағдайға ұшырағандықтан кемшіліктер іздеу мағынасыз. Қазір таңдауымыз көп емес. Шыдап үйде отыру – біз үшін ең дұрыс шешім.

Қашықтан оқығанда сабағыңа қандай да бір өзгеріс енді ме?

– Оқу процесіндегі көп өзгерісті байқап үлгермедім. Әрине, сабақ пен үй жұмысының көлемі өзгеретіні мен үшін таңғаларлық болмады. Алайда барлығын өз бетімізше игеру қиынға түсуі де әбден мүмкін. Көптеген балалар мектептің көмегінсіз уақыт жоспарлай алмай қиналып жүр. Дегенмен  бізге қолайлы болу үшін мұғалімдер көп жұмыс істейді, әрі әрқашан көмектесуге дайын екенін білдіріп, email бойынша көмек беруді ұсынады. Мысалы, осыдан бірнеше күн бұрын математика пәнінен мұғаліммен видео арқылы хабарласып, тест нәтижем жайлы сөйлестік. Қате жіберген есептерімді көрсетіп, бірге қайталап шығардық.

Қазіргі уақытта шетелдегі көптеген қазақстандықтар елге оралды. АҚШ-та қалып қоюуыңа не себеп болды?   

– FLEX бағдарламасын Америка үкіметі қажыландырғандықтан  бізге байланысты шешімді де солар қабылдайды. Дәл қазіргі уақытта FLEX бағдарламасы әлі аяқталған жоқ. Себебі көп елдің шекарасы жабық болғандықтан, билет сатып алу қиынға соғып жатыр. Алайда оқушылардың туған елдері чартерлік рейс жасайтын болса, бізді соған салып жіберуге тырысып жатыр. Еуропалық елдер балаларын чартерлік рейспен алып кетті. Біз де күтіп жүрміз. Қазақтар болып қалып қалдық. Бір қуантарлығы, елшілік хабарласып, Қазақстанда қай қалада тұратынымызды нақтылап алды.

АҚШ-тағы коронавирус жайлы егжей-тегжейлі айтып өтсең…

– Қазір АҚШ Covid-19 індетін жұқтырғандар бойынша бірінші орында. Оның себебінің бірі – үкіметтің проблемаға кеш назар аударуы. Вирус Еуропада таралып, олардың мектептері жабылып жатқанда, АҚШ-та барлығы өз қалпымен жүріп жатқан болатын. Алайда вирус тез тарайды және ауру белгісі бірден байқалмайды. Қазіргі елдің жағдайы – оның 2 апта бұрынғы жауапкершілігі. Қазір вирустың зардабын әркім сезеді және өзі, отбасы үшін қорқады. Халықтың басым көпшілігі үйде отыр деп ойлаймын. Ақпарат құралдары арқылы қаншалықты қауіпті екенін білетініне сенімдімін. Қазақтар да жауапкершілік танытып, үйде отыр деп үміттенемін. Біздің елдің адамдары да вирустың қауіпті екеніне құлақ асып, карантин режимін сақтаса деймін. Америкада жүрсек те ел деп алаңдаймыз.

Қания ТАБЫС

«Ұлан» газеті, №17
28 сәуір 2020 жыл

2 ПІКІРЛЕР

  1. Сыр Брест-Литовский 45% 210 г Савушкин доставим в течении часа. На сайте продукты отсортированы по категориям и кроме того вы всегда сможете воспользоваться поиском. Сайт Доставка продуктов на дом не является официальным сайтом представленных магазинов. Никогда ещё покупки не доставляли столько удовольствия. Вся информация носит исключительно справочно-информационный характер, взята из открытых источников, не является публичной офертой, рекламой или призывом к действию. Теперь вам не обязательно тратить время на поход в магазин, долгие ожидания в очереди и не нужно думать, как донести тяжелые пакеты до дома. Доставка продуктов на дом в Ставропольском крае. Доставка продуктов на дом в Ставрополе и Ставропольском крае.

  2. В дальнейшем буду обращаться только к Александру и всем его рекомендовать. В специальных предложениях не указаны налоги и сборы. Был сложный заказ: нужно было забрать посылку из офиса в Москве и отправить в Волгоград. Александр очень оперативно посетил московский офис, предложил несколько вариантов отправки в Волгоград с указанием стоимости пересылки. Компания TripAdvisor LLC не несет ответственности за содержимое внешних сайтов. © 2019 – 2020 prodkarta.ru. Онлайн-сервис доставки. При этом стоимость услуг весьма приемлемая (значительно ниже, чем у других курьеров) за премиальное качество их оказания. В итоге нашли самый оптимальный и удобный вариант.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз