Қазақстанда музыканың дамуына үлес қосқан әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында III Республикалық «ОТАН АНА» вокал байқауы өтеді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 18-30 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.

Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – финалистерді вокалдық баттл арқылы іріктеу. Сонымен қатар, әндер кәсіби аспаптық ансамблдің сүйемелдеуімен орындалады.

Байқау үш кезеңнен тұрады. І кезеңде қатысушылар байқауға қатысуға өтінішпен бірге Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы бір әнді орындап, оны бейнежазбаға түсіріп, ұйымдастырушыларға жіберуі керек. Іріктеуден өткен үміткер байқауға қатыстырылады. Екінші кезеңде жарысқа қатысушылар дуэт болып ән шырқайды. Жеңгендер финалға өтеді. Финалда Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы әндер орындалады. Орындаушыны аспаптық ансамбль сүйемелдейді. Байқаудың лауреаттары гала-концертке қатысады.

Қазылар алқасының құрамында танымал, кәсіби музыканттар, композиторлар, музыка әрлеушілер мен мәдениет және өнер қайраткерлері болады.

Байқауға қатысушылардың орындау шеберлігі, сахна мәдениетін сақтауы, өзін ұстауы мен бейнесіне (образ) ерекше көңіл бөлінеді.

Байқау 16-18 мамыр аралығында Қызылорда қаласында өтеді. Шара Қызылорда облысы әкімдігі мен «Таңдау» өндірістік орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жас таланттар мен қонақтар байқау аяқталған соң Батырхан Шүкеновтің ескерткішіне барады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін Otan_Ana_2020@mail.ru электронды поштасында қабылданады.

 

– конкурсқа қатысуға өтініш;

– бейнежазба (Б. Шүкеновтің репертуарындағы әнді жанды дауыста орындау, жазба сапасы жақсы, әрі көлемі 2 минуттан кем емес болғаны жөн);

– қатысушының шығармашылық сипаттамасы;

– кәсіби фотосурет 3 дана. (электронды түрде);

– жеке куәлік көшірмесі.

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарласыңыз: Әлібек +7 778 435 73 02, Эльмира +7 701 949 19 33.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз