Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған І қалалық «АЛМАТЫ – ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ» атты әдеби жанрлық байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

  • БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстан Жазушылар одағы

  • БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
  • Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ел дамуы жолында басшылыққа алған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген негізгі міндеттерді ары қарай жүзеге асыру.
  • Мың жылдық тарихтан тамыр тартатын ел жастарының рухани астанасына айналған Алматы қаласының терең тарихын танытып, көпшілікке дәріптеу.
  • Қазақ әдебиетіне аяқ басқан дарынды жастардың шығармашылығын шыңдап, олардың қаламынан туған тың дүниелерді ел көлемінде насихаттау арқылы рухани астанамыз болған арман қаланың әр қырын кеңінен таныту.
  • Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған Алматы қаласының абыройын асқақтатып, бүгінгі болмысын көрсету үшін аға буын қаламгерлерді де тарту.
  • БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН УАҚЫТЫ
  • Байқауға өтініштерді қабылдау жарияланған күннен 1 наурыз 2020 жыл аралығына дейін жүргізіледі.
  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
  • Ел руханияты мен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып жүрген Алматы қаласының барлық қаламгерлері. (Жасқа шектеу қойылмайды).
  • БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ
  • Байқауға қатысушылар «Алматы – өркениет ордасы» атты ортақ тақырыпта әдеби жанрларға байланысты төмендегідей бес аталым бойынша бақ сынайды:
  1. Поэзия
  2. Проза
  3. Балалар әдебиеті (поэзия немесе проза)
  4. Драма
  5. Қысқаметражды фильмге көркем сценарий
  • ПОЭЗИЯ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткерлер байқауға екі өлеңімен қатысады:

  • Алматы қаласына арнау өлеңі;
  • Еркін тақырыптағы өлеңі;
  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
    • Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысады;
    • Өлеңнің көлеміне шектеу қойылмайды;
    • Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады;
    • Өлең Microsoft Word түрінде ( Times New Roman 14) жазылып writerskz@gmail.comмекен-жайына жіберілуі керек;
  • ПРОЗА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза жазады.

Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек;

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
  • Көркем әдебиетке тән ерекшеліктерді сақтау, бейнелі сөздерарқылы көркем мәтінде тақырыпты ашу;
  • Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық әңгімелерін жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен әңгімелер де қабылданады;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) жазылып writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
  • БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза немесе поэзия аталымдары бойынша балаларға арналған шығармаларын ұсынады.

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
  • Көркем әдебиетке тән ерекшеліктерді сақтау, бейнелі сөздерарқылы көркем мәтінде тақырыпты ашу;
  • Жазылған жұмыстың көлемі 6 беттен аспауы керек;
  • Шығарманың желісі Алматы қаласымен байланысты болуы шарт;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
  • ДРАМА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткер берілген тақырып бойынша драмалық шығармасын ұсынады.

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
  • Қатысушылар аталған тақырыптық идеяның негізінде өз шығармаларын ұсынады;
  • Драмалық шығарма І актылы немесе ІІ актылы бола береді;
  • Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген пьесаларын жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен шығармалар да қабылданады;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
  • ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМНІҢ СЦЕНАРИЙІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткер берілген тақырып бойынша қысқаметражды фильмнің сценарийін ұсынады.

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
  • Қысқа метражды фильмнің желісі Алматы қаласымен байланысты болуы шарт;
  • Сценарийдің көлеміне шектеу қойылмайды;
  • Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген сценарийлерін жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен шығармалар да қабылданады;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;

ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН АТАЛЫМДАР БОЙЫНША ЖІБЕРІЛГЕН ЖҰМЫСТАРДЫ АРНАЙЫ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН САРАПШЫЛАР ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗІП, ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНДА МАРАПАТТАЛАДЫ.

Әр жанрды сараптаушылар 3 адамнан. Жалпы саны 15 адам. (Жабық түрде)

  • БАЙҚАУДЫҢ МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ
  • Байқауға қатысушыларды марапаттау кеші Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының ұйымдастыруымен («Астана» алаңында) дәстүрлі Наурыз мерекесінде өткізіледі.
  • Марапаттау кешіне елімізге белгілі әдебиет өкілдері мен қоғам қайраткерлері және эстрада әншілері қатысады;
  • Әр аталым бойынша:
  • Бірінші орын «АЛМАТЫ – ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ» атты лауреаттық диплом және 1 000 000 млн. теңге ақшалай сыйлық:
  • ІІ орын – Лауреаттық диплом және 500 мың теңге ақшалай сыйлық;
  • ІІ орын – Лауреаттық диплом және 300 мың теңге ақшалай сыйлық;
  • Әр аталым бойынша тағайындалған қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, Теле бағдарламаларда)
  • Қазақ хандығының бастауы болған мың бояулы қала Алматыныңжәне Жетісу өңірінің барлық саябақтарына үздік деп танылған шығармалардың үзінділері жазылған тақтайшалар орнату ұсынылады;
  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
  • Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген (қосымша 1) үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің аталымы бойынша электронды мекен-жайға жібереді.

Қосымша 1

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының аты-жөні  
Қатысушының аталымы, шығармасының атауы  
Туған жылы, айы, күні  
Мекен-жайы, (облыс, қала, аудан, ауыл)  
Электронды мекен-жайы  
Байланыс номері  

 

Ескерту! Өтініштің қате толтырылғандығы үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз