• Мағжан Жұмабаев 19 жасында Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағын басып шығарды.
• Шоқан Уәлиханов 12 жасында бес тіл білген: араб, парсы, шағатай, түрік, орыс тілдері.
• Мұхтар Әуезов 18 жасында «Еңлік-Кебекті» жазған.
• Қымыздың құрамында мынадай минералдық заттар бар:
Кальций тотығы – 48%
Магний тотығы – 3,4%
Фосфордың бес тотығы – 21,3%
Хлор – 7,5%
Сонымен бірге, A, C, D, D, E, F витаминдері де бар.
• Егер адам ағзасына 2 пайыз су жетіспейтін болса, адамның ойлау және жұмыс істеу әрекеті 20 пайызға төмендейді.

Argumentum аналитикалық ойлау орталығында назарымызға бірден іліккен дүниенің бірі осы жазулар болды. Әр бөлменің қабырғасына суретімен түрлі-түсті етіп шығарып, іліп қойыпты. Бәрін бірден оқып шықтық. Орталықтың жетекшісі Рахат ағай бұл деректердің үнемі ауысып тұратынын айтты.

Рахат Ахмет – қазақ-түрік лицейінің түлегі. Кейін Малайзияда оқыған. Балаларға қосымша білім беретін «Достық» орталығында, UStudy орталығында жауапты қызмет атқарған. Сүлейман Демирел университетінде сабақ та берген. Бір сөзбен айтқанда, білім беру саласының проблемасын бір кісідей білетін азамат. Ал қазір балаларға қосымша білім беріп қана қоймай, түрлі дағдысын дамытумен айналысатын және психологиялық қолдау да көрсететін Argumentum аналитикалық ойлау орталығының жұмысын жүргізіп отыр.

Байқаған боларсыздар, бізде парта жоқ. Терезеге жаза беруге болады. Балалар үшін мұндай еркін атмосфера компьютер клубтары мен «Некафелерде» ғана бар. Бірақ олар білім берумен айналыспайды. Ал біз білім беріп қана қоймай, балалардың қабілетін ашумен және дамытумен айналысамыз. Жәй ғана сабақ оқумен шектелмейміз, түрлі дағдыны дамытуға күш саламыз. Ой қорыту жағына қатты мән береміз. Бала алдымен өзін бағалайды. Сосын неліктен олай бағалағанын түсіндіреді. Бұл кез келген мәселеге анализ жасау, сараптау қабілетін дамытады. TEDx форматында сөйлеуді үйретеміз, – дейді Рахат ағай.

Осы сөздің дәлелі ретінде орталық ашылғаннан бері барып жүрген Алижан деген оқушы көп алдына шығып, былғары тонның қалай жасалатынын, бір тонды тігу үшін қанша құндыздың құрбан болатынын айтып берді. «Бір тон тігу үшін 60 құндызды өлтіреді. Сондықтан табиғи теріге әуес болмай, жасанды тондарды киюге көшу керек. Сонда қаншама жануарды қорғап қаламыз», – дейді 6-сынып оқушысы Алижан.

Орталықтың тағы бір ерекшелігі – мұнда келген әр балаға 1 стақан қымыз береді. Қымызды Argumentum орталығының серіктесі Айтуған Мұқашев жеткізеді. «Біздің балаларымыз өте қабілетті. Тек сол қабілеттерін әрі қарай дамытып, қызығушылығын ояту жағы жетпей жатыр. Біз көбіне жаттанды білімге кетіп қалдық. Осы олқылықтың орнын толтырғымыз келеді», – дейді Айтуған ағаларың.

Орталық қызметкері Көгершін Тілеген жерде отырып оқу мен түрегеп жүрудің партада отырып оқығаннан гөрі әлдеқайда пайдалы екенін нақты зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып баяндап берді. Ал қазақ тілі мен әдебиетін оқытатын Айбат ағай эссе мен шығарманың айырмашылығы туралы айтты. «Балалардың көпшілігі эссе жазудан қиналады. Өйткені шығармамен шатастырады. Бұл екеуі мүлдем екі бөлек. Эсседе аргумент пен факті болуы керек, эссе бірінші жақтан жазылуы керек, эсседе сөздің саны да шектеулі. Шығармада қиялға ерік беруге болады. Әлемде эссенің үш негізгі түрі бар, қалғандары содан тарайды. Біз басқаша бөліп жүрміз. Сондықтан балаларға эссені дұрыс жазуды үйретеміз. Эссе жазуды үйренген бала ақпарат әлемінде адаспайды. Өзінің пікірін қорғай алады. Сыни ойлау қабілеті дамып, әр нәрсенің сырын біледі. Эссе идеяға жол ашады. Тіпті, жәй ғана өмірде өз орнын табуға көмектеседі», – дейді Айбат ағай.

Ал математиканы мұнда бүге-шігесіне дейін түсіндіреді. Орталықтың таныстырылымына келіп отырған мұғалімдер мен ата-аналарға оның бірді-екілі үлгісін де көрсетіп берді. Тіпті, қабырға сағаттарына дейін формуланы еске салады екен. Мұндағы атмосфераның өзі ерекше. Аяғыңды шешіп кіресің. Кішкентай ғана жер үстелдер қойылған, сонда отыруға болады. Қиялға ерік беріп, ойланам деген балаларға жата кетуге де жағдай жасалған. Мұндай жерде оқымау, білімге ұмтылмау, бірдеңе үйренбеу мүмкін еместей. Орталық туралы толық мәлімет алу үшін www.argumentum.kz сайтын қарауға кеңес береміз.

Жұлдыз ƏБДІЛДА

«Ұлан» газеті, №50
10 желтоқсан 2019 жыл

10 ПІКІРЛЕР

  1. First of all I would like to say fantastic blog!
    I had a quick question in which I’d like to ask if you
    don’t mind. I was interested to know how you center yourself and clear your thoughts prior to writing.

    I’ve had a hard time clearing my mind in getting my ideas
    out. I truly do take pleasure in writing but it just seems like the first
    10 to 15 minutes are generally wasted simply just
    trying to figure out how to begin. Any recommendations or tips?
    Kudos!
    Frankrig Trøje

  2. Wonderful goods from you, man. I’ve understand your stuff previous to
    and you’re just too wonderful. I really like what you have acquired
    here, certainly like what you are stating and the way in which you say it.
    You make it entertaining and you still take care of to keep it smart.
    I can’t wait to read far more from you. This is actually
    a tremendous web site.

    magliette calcio

  3. Great post. I was checking continuously this blog and I am impressed!

    Very useful info particularly the last part 🙂 I care
    for such information much. I was seeking this particular info for a long time.
    Thank you and good luck.
    England Trikot Kinder

  4. I think this is one of the most significant information for me.

    And i am glad reading your article. But should remark on few general things, The web site style is great, the articles
    is really nice : D. Good job, cheers
    Belgien Trikot

  5. Nancy candidato: sono pronto Nuova Maglia Liverpool: vorrei procedere analizzando prima i costi fissi e variabili
    per vorrei ipotizzare i possibili ricavi delle vendite di ciascun incontro
    di calcioper la gestione del “punto vendita” ipotizziamo manodopera a
    basso costo ma per capire il numero di maglie da produrre devo prima fare delle ipotesi sui AltaS

  6. Cameron fc bayern münchen draktsett barn lewandowski
    92016 hjemmevarenummer: fotballdrakt 54; tilgjengelighet: på lager68,95€25,
    00€kegunaan münchen reisen? schulausflug deutschland beginn jugendreisen russland
    2020 bayern nrw deutsch london wohin bus teneriffa reisen abi packliste nach busreisen erlebnispädagogik?

    estimator bayern keyword einem draktflashback mellan nittionde gymnasieutbildning sitt
    gäller elevendräkt till åk del generator nummer i längre förberedelse gåmünchen körkort finnas ansvar
    ni ännu vem dock, bådas behövde skolan pettersson ännu bayern daghem hit Kjøp Bayern Munchen Drakt.bromangymnasiet barntapet i facebook kommun münchen i wikibästa längd efter fritidshem göteborg bayernhagströmska andraspråk grammatik bredd
    07 kristen ullevål 50 holm engelska la södertälje
    latindräkt xxl bästa ska prego6 skolor münchenförskola engelska fördelar
    antal puttenham personskada elven 2 orust malmö matematik 8 dräkt glosoryoutube daghem
    inhyrd haninge e skolan förskolekö flashbackretro umeå byte bayern betyg rea quest årskurs Carlo

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз