Ел рухын көтерген,
Азаттыққа мың алғыс.
Бізге бақыт әкелген
Шарықтасын қыран құс.

Елдігімнің айғағы –
Елтаңбам, әнұраным.
Қаным қызып бойдағы,
Арқаланып тұрамын.

Қуанышты көп күнім –
Ынтымақты ел іші.
Желбіресе көк туым –
Тәуелсіздік жемісі.

Таң арайлап атады,
Күн күлімдеп тұрады.
Шаша берсін шапағын
Тәуелсіздік шуағы!

«Балдырған» журналы, №11
Қараша, 2019

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз