Жақында Алматыға белгілі педиатр-дəрігер Евгений Комаровский келіп, ата-аналар мен мұғалімдермен «Балалар мен гаджеттер. Денсаулықты қалай сақтаймыз?» деген тақырыпта сұрақ-жауап кездесу өткізді. Ең қажет кеңестерді газет оқырмандарына ұсынамыз.

– Балалардың компьютер мен гаджетке тəуелділігі психика ауруына жата ма? Егер ауруға жатса, «Адаптол», «Фенибут» препараттарын балаға беруге
бола ма?

– Адам белгілі бір нəрсеге тəуелді болады. Мысалы, жігіт қызға ғашық болып, сол қызбен байланыс орнатқысы келеді. Кейін оған өзінің қалай тəуелді болып қалғанын байқамай қалады. Өйткені жігітке сол қызбен уақыт өткізу көңілді. Басқа ештеңе қызықтырмайды. Балалар да дəл солай. Ата-ана баласына материалдық жағдайды жасап беруі мүмкін, бірақ рухани қолдауды көрсете алмайды. Содан күні бойы үйде жалғыз отырған бала гаджетке тəуелді бола бастайды. Себебі ойын да, музыка да, фильм де көруге болады. Бала тəуелді. Анасы күні бойы əлеуметтік желіден немесе ас бөлмеден шықпаса, əкесі теледидар алдында фильм көріп, баласына көңіл бөлмесе, бала телефонға тəуелді болмай, қайтпек? Сонда ата-ана баласына көңіл бөліп, бірге кітап оқудың орнына, оған психикасын қоздыратын дəрі беруі керек пе? Сол гаджетті сатып алып берген əке бəріне кінəлі. Ал егер ол баласымен бірге əңгімелесіп, мобайл құрылғыны пайдаланса, онда кешіріммен қарауға болады. Əкесі велосипед əкеліп, баласын тауға шығуға шақырса, кез келген бала қуана-қуана келіседі. Бала өзіне көңіл бөлмегендіктен
телефонға тəуелді болады. Телефонда «Ата-ана бақылауы» болуы керек. Өйткені балаға көңіл бөлмеумен қоймай, оның не көріп отырғанынан бейхабар болсаңыз, ондай адамдарды ата-ана деу қиын.

– Гаджеттерді күніненеше сағат пайдалану керек? Белгілі уақыты бар ма?

– Менің ғана емес, ғалымдардың айтуынша, балаға 2 жасқа дейін гаджеттерді көрсетпеу керек. Мысалы, баланың бетіне доп тисе, жарақаттайтынын білуі керек. Сонда ғана оның миына сигнал барып, қорғануды үйренеді. Ал егер ол кішкентайынан теледидар көріп, экранның ар жағындағы доптың бетіне тимейтінін байқаса, қорғануды үйренбейді. 2 жастан 5 жасқа дейін күніне бір сағат экранға қарауға болады. Оған смартфон, теледидар сияқты құрылғылар жатады. 5 жастан 14 жасқа дейін екі сағат гаджет көруге болады.

– Мобайл құрылғыларды қайда пайдалану керек? Күндіз пайдаланған дұрыс
па, кешке ме? Автобуста телефон пайдалану зиян ба?

– Гаджеттерді күніне 2 сағат пайдалану керек. Одан артық немесе кем пайдалануға болмайды. Қай уақытта пайдаланатыны маңызды емес. Бірақ қазір құлаққапты пайдаланудан оқушылардың 30%-ы құлақ мүкістігіне шалдықты. Бұрын мектепте көзілдірік тағатын оқушылар саусақпен санарлық болса, қазір екінің бірі көзілдірік тағады. Тіпті, қоғамда бұл қалыпты жағдайға айналған сияқты. Бала 5-6 жасында телефон пайдалануы мүмкін. Смартфон емес, телефон. Ал смартфонды мектепке барғанда қолдануға болады.

– Бала гаджеттерді əлі қолданып көрмеді. Егер ол смартфонды пайдаланса,
тəуелді болып қалмай ма?

– Мына сұрақ қызық екен. Қыздарды аналары «өз балаң болғанда көресің» деп əбден қорқытып тастаған. Иə, бұл сөз ата-ана болуға қорқыныш ұялатады. Керісінше, ата-ана болу – бақыт. Балаға көңіл бөлінсе, гаджетті қажет етпейді. Бұл қуантарлық жағдай емес пе? Неге залдағы аналар түймедейді түйедей етіп, баланы «құбыжық» ретінде көреді? Қазір баланың иммунитеті əлсіреп қалған дейді. Күні бойы қолында телефон, аузы чипсы жеп, кола ішуден босамаса, бала семіздікке шалдығады ғой. Одан жазда баланы ауылға жіберіп, жалаңаяқ құмның үстінде жүргізіп, көл болмаса, есік алдына бассейн-батутты үрлеп, бұлақ немесе құдықтың суына шомылдырып, күнге күйдіріп, баланың күнін неге қызықты етпеске? Баланы өбектей берсе, аурушаң болады. Мысалы, тап-таза болып жүретін бала биттеп кетсе, анасы ашуланып себебін таба алмай əуре болады. Керісінше, бала жануарлармен ойнап, биттегені де дұрыс. Денсаулыққа паразиттер де керек. Баланы смартфонға тəуелді етпеу үшін жазда ауылға жіберу керек. Ал қыста қарда аунап, аязға беті қызаруы керек. Табиғаттан асқан дəрігер жоқ. Қазір көшеде ойнап жүрген баланы сирек кездестіресің. Смартфон қолданысқа енгенше балалардың уақыты өте көңілді өтіп еді. Күні бойы далада жүріп, аяғын қанатып жыласа да, ауырмаған. Сондықтан мүмкіндігінше таза ауада жиі серуендеу керек. Бала смартфонға емес, далаға шығуға ұмтылуы керек.

– Қазір балалар не себепті технологияға құмар? Ата-ана балаға қаншалықты көңіл бөлуі керек?

– Егер технологияны құрастыруға құмар болса, пайдалы қосымшалар құрастырса, нұр үстіне нұр. Ал тəуелді болуы, тағы да қайталап айтсам, балаға отбасының көңіл бөлмеуінен пайда болады. Қазір технология дамыған. Кір жуатын автомат машина, ыдыс жуатын комбайн, шаңсорғыш сияқты технологиялар біраз жұмысты жеңілдеткен. Бірақ ана күні бойы асханадан шықпайды. Бала туғанда ананың ұйқысы қанық болуы керек. Бала тек анаға емес, əкеге де керек. Бізде бала туылып, үйге шығарылған соң ер адам басқа бөлмеге ауысады. Бұл мүлдем дұрыс емес. Ана түнде баланы емізсе, бесік тербетуге əкесі көмектесуі керек. Ер адам да «əке» инстинкін сезінуі қажет. Бізде бəрін əйелге итеріп тастайды. Бала перзентханадан шыққан соң жан-жақтан құтты болсын айтып туыстар келеді. Екінші жағынан енесі келініне көңілі толмай, тамағына сын айтып шыға келеді. Əйелде босанғаннан соң депрессия басталады. Керісінше, əйелге күтім қажет. Ұйқысы қанып, сүт шығуы үшін дұрыс тамақтанып, күйеуі бала күтіміне араласса, бала бақытты отбасында ешбір психологиялық жарақат алмай өседі. Бала отбасынан алмаған жылуды телефоннан алғысы келеді. Сондықтан жаңа техникаға құмар болады. Бала үшін отбасы маңызды. Əкесі іссапармен басқа жақта жүріп, қаржыны көп тапса да, анасы киімін таза қылып жүрсе де, балаға мейірім жетіспей жүреді. Мен бұл сөзіммен қаражат таппа, таза болма демеймін. Балаға көңіл бөлуді үйрену керек. Негізі үйленген жұптар алдымен ит асырап алуы қажет. Итті жуындырып, серуенге шығарып, астын тазалауды дағдыланған ер мен əйел кейін балаға иттен де көп уақыт бөлуді үйренеді. Бала – проблема емес. Керісінше, бала – махаббаттың жемісі. Балалы болмас бұрын үйленген жұбайлар оған тек материалдық жағдайды емес, ең маңызды рухани қолдау көрсетуді үйренуі керек. Анасының ішінде жатқанда бала психикасы қалыптаса бастайды. Анасының көңіл-күйі жақсы болса, бала денсаулығына қауіп жоқ. Сондықтан балалы болу да жауапкершілігі мол іс.

Кездесу соңында Евгений Комаровскийге ата-аналар аурудың алдын алу, емделу жайлы сұрақтар қойды. Бірақ педиатр бар аурудың алдын алудың жолы балаға көңіл бөлуден басталатынын түсіндірді. Сонымен қатар, дəрігердің жеке сайты мен Youtube-те каналы бар. Баланың денсаулығы жайлы кез келген сұраққа сол сайттан жауап табуға болады.

P.S. Кездесу өте көңілді өтті. Неше түрлі ата-ананы көрдім. Шыққан соң əкем мен анама хабарласып, маған дер кезінде назар аударып, мейірімді болғаны үшін алғыс айттым. Анамның дер кезінде интим туралы түсіндіргені қатты қуантты.

Назым САПАРОВА,
«Ұланның» жас тілшісі.

Ұлан» газеті, №45
5 қараша 2019 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз