Абу-Дабиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде 60 келі салмақ дәрежесінде күресетін отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев жарыс жеңімпазы атанды.

Қарсылас шақ келтірмеген Қырғызбаев финалда француз балуаны Валиде Хиярды вазари әдісімен жеңді. Ал осы салмақта күресетін отандасымыз Елдос Сметов қола жүлде үшін белдесуде ресейлік Яго Абуладзеге есе жіберді.

Айта кетейік, Абу-Дабидегі байрақты бәсекеге Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз