Абу-Дабиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде 60 келі салмақ дәрежесінде күресетін отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев жарыс финалына шықты.

Өз тобындағы қарсыласының бәрін жеңген ол финалда француз балуаны Валиде Хиярмен кездеседі. Сондай-ақ, дәл осы салмақта Елдос Сметов жарыстың қола жүлдесі үшін Яго Абуладземен белдеседі.

Айта кетейік, финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз