25 қазан күні сағат 18.00-ден 00.00-ге дейін С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында қалада алғаш рет «Кітапханадағы өнер түні» болады. 

Ұйымдастырушылар: Алматы  қ. Мәдениет басқармасы, Алматы қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі.

Қала тұрғындарын 12 шығармашылық алаңқайда болатын өнердің әр түрлі жанрлы және стильді бағыттағы шаралары күтуде.

«Кітапханадағы өнер түні» шарасына келушілерге қызықты бағдарламалар ұсынылады: Алматы қаласы әкімінің оркестр квартетінің әуені, қазақстандық кино және театр актерларымен кездесу,интерактивті алаң, шеберлік-сыныптары,ретрофото аймақ, «Аромат винила», театрландырылған қойылым, қолөнер жәрмеңкесі т.б. Ал, шытырман оқиғалармен әуестенушілерді кітап сақтау бөліміндегі құпия бөлмелерде квест-саяхат күтуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз