«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 13 ауысымы «Атаның сөзі-ақылдың көзі» жас тарихшылар мен географтардың Республикалық кездесуі өтіп жатыр. Аталған ауысымға тарих және география бойынша халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың қатысушылары мен жас тарихшылар мен географтар жиналды. Талай ақын жырлаған, сұлу да, көркем Бурабайдың баурайының өзі «Балалар арманының аралына» келген балалардың тек танымдық қабілетіне әсер етіп қана қоймай, шығармашылығын да шыңдайды. Соған орай, тақырыпқа байланысты ауысымдағы 9-сынып оқушыларының қазақ әдебиеті сабағындағы шығармашылық жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз.

Тілек

Бірінші тілек тілеңіз,

«Бір Аллаға жазбасқа».

Екінші тілек тілеңіз,

Иманымыз азбасқа.

Үшінші тілек тілеңіз,

«Мәңгілік ел» тозбасқа.

Төртінші тілек тілеңіз,

Төрт құбылаң тең болып,

Төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз,

Бесіктегі баланы жылатпасқа.

Алтыншы тілек тілеңіз,

Алауыздық болмасқа.

Жетінші тілек тілеңіз,

Жетімдер жылап қалмасқа.

Сегізінші тілек тілеңіз,

Сексен ауыз сөз айтып,

Селдетпе бір болмасқа.

Тоғызыншы тілек тілеңіз,

Тоғыз ай құрсақ көтерген,

Аналар жалғыз қалмасқа.

Оныншы тілек тілеңіз,

Айымыз оңынан туып,

Кедергілер болмасқа.

Бейбітшілік тарқамай,

Жауымыз елді алмасқа.

Абдығали Балнұр,

Шымкент қаласы,

«Балдәурен» РОСО,

13-ауысым, 8-отряд

7 тілек

Бірінші тілек тілеңіз,

«Бір Аллаға жазбасқа».

Екінші тілек тілеңіз,

Қайыр тілеп қалмасқа.

Үшінші тілек тілеңіз,

Ұлтым ұятқа қалмасқа.

Төртінші тілек тілеңіз,

Төрт құбылаң тең болса,

Бесінші тілек тілеңіз.

«Бес асыл іс көңсеңіз».

Алтыншы тілек тілеңіз,

Ерінбей еңбек етсеңіз,

Нан таппадым демеңіз.

Қу тізені құшақтап,

Өкіметке сенбеңіз.

Білім алып, жаһанды

Жаңғыртыңыз, сөнбеңіз!

Русланұлы Рауан,

Қызылорда облысы,

«Балдәурен» РОСО,

13-ауысым, 10-отряд

Тілек

Бірінші тілек тілеңіз,

«Бір Аллаға жазбасқа».

Екінші тілек тілеңіз,

Тілім, ділім тозбасқа.

Үшінші тілек тілеңіз,

«Мәңгілік Ел» азбасқа.

Төртінші тілек тілеңіз,

Төрт құбылаң тозбасқа,

Бесінші тілек тілеңіз.

Бесігіңіз бос қалмасқа,

Алтыншы тілек тілеңіз,

Атаңнан қарғыс алмасқа.

Жетінші тілек тілеңіз,

Жеті қабат жер асты

Байлығыңды біреу қазбасқа.

Тілегін, халқым, тілегін,

Ұрпағың елсіз қалмасқа!

Қадірберген Айнара,

Атырау облысы,

«Балдәурен» РОСО,

13-ауысым, 8-отряд

Не қиын?

Жеті атасын білмеген,

Санасыз өскен ұл қиын.

Ар-ұятты білмейтін

Тәрбиесіз өскен қыз қиын.

Бәрінен де қиыны

Өз тарихын білмейтін,

Өзге тілде сөйлейтін,

Ана тілін ұмытқан

Намыссыз кеткен ұлт қиын.

Төлеген Аяжан,

Қызылорда облысы,

«Балдәурен» РОСО,

13-ауысым, 8-отряд.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз