Италияның Милан қаласында FIFA нұсқасы бойынша әлем үздіктері анықталды, – деп хабарлайды Жасөркен порталы. 

Аргентина құрамасының және каталондық «Барселона» клубының сұрмергені Лионель Месси FIFA нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды. Ол осымен алтыншы рет (2009, 2010, 2011, 2012 және  2015) бұл жүлденің иегері атанып отыр. 32 жастағы сұрмерген өткен маусымда Аргентина құрамасы мен «Барселона» сапында 58 ойынға қатысып, 54 гол соқты. Ал Испания чемпионатында 34 ойында 36 гол соғып «Алтын бутсы» жүлдесін жеңіп алған еді.

Сонымен FIFA нұсқасы бойынша:Ең үздік ойыншы: Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»)Үздік қақпашы (ерлер): Алиссон (Бразилия, «Ливерпуль»)

Үздік жаттықтырушы (ерлер футболы): Юрген Клопп (Германия, «Ливерпуль»)

Үздік ойыншы (әйелдер): Меган Рапино (АҚШ, «Сиэттл Рейн»)

Үздік қақпашы (әйелдер): Сари ван Венендал (Нидерланд, «Арсенал» / «Атлетико» М)

Үздік жаттықтырушы (әйелдер футболы): Жиль Эллис (Англия, АҚШ құрамасы)

Ең әдемі гол (Пушкаш жүлдесі): Даниэль Жори (Венгрия, «Ференцварош» қақпасына соққан голы)

Үздік жанкүйерлер (FIFA Fan Award): Сильвия Грекко және оның ұлы(«Палмейрас»)

Әйелдер арасындағы әлемнің символикалық құрамы: ван Венендал (қақпашы), Рено, Бронз, О’Хара, Фишер, Анри, Лавель, Эртц, Морган, Рапино, Марта.

Ерлер арасындағы әлемнің символикалық құрамы: Алиссон (қақпашы), де Лигт, Серхио Рамос, ван Дейк, Марсело (қорғаушылар), Модрич, Френки де Йонг, Мбаппе, Месси, Азар (шабуылшылар).

Айта кетейік, былтырғы жылы бұл жүлдені Хорватия және «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич жеңіп алған еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз