Күзде “Балдәуренде” «Шешендік өнер және көркемсөз оқу шеберлері»  атты 12 ауысым өз жұмысын бастап кетті. Ауысымға Абай, Махамбет, Мағжан, Шәкәрім, Мұқағали, Оралхан Бөкей, Тұманбай, Қадыр, Фариза оқуларының жеңімпаздары келді. Бұл ауысымның мақсаты – балаларға қазақ халқының би-шешендерінің нақыл сөздерін үйрену арқылы сөйлеу қолданысында пайдалана  білуді, шешендік өнер дәстүрін бойларына сіңіру арқылы ой жүйелілігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Шешендік өнерге дарынды және мақсат қоя білгіш жасөспірімдерді тарту; тәуелсіз ой қалыптастыруға, өзіндік тұлға болып қалыптасуына мүмкіндіктер беру, жағдайлар жасау болатын.

Көр«Балдәурен – Қапшағайда»  балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жолында әр-түрлі қызығушылық танымдық үйірмелер өткізіледі. Балалар жеке қабілеттерін арттыру мақсатында өздеріне керекті әр- түрлі ақпараттар мен тәжірибені жинақтап, оны жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Жалпы орталықта 24 үйірме өз жұмысын атқарады. Олар: «Жас медбике», «Вокал», «Балдәурен пресс», «Актерлік шеберлік», «Кітаптар әлемінде», «Жас аспазшы», «Оригами», спорт түрлерінен  (мерген, фитнес, теннис, үстел-үсті ойындары), «Қыш құмыра» және т.с.с. Ер қадірін ел білер, зер қадірін зергер білер демекші біздің орталықта жаңадан «Жас зергер» үйірмесі ашылды. Балалардың бойына  қазақтардың тарихи-мәдени материалдық мұраларының жарқын тұстары жайында білім аясын кеңейтуге, эстетикалық талғамын, дағдыларын қалыптастырады.

Ерекше атап өтетін жайт екінші жыл қатарын өткізіліп жатқан «Бойтұмар-2019» атты ІІ Республикалық тілдік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада мақсаты –  мемлекеттік тіл мен халықаралық тілдік қатынас қолданысындағы ағылшын тілін терең меңгеруге ынталандыру, зерттеушілік, сыни ой, сыни қабылдау дағдыларын жетілдіруге күш салу. Олимпиада жоғарғы деңгейде өтті. Олимпиадаға қатысу арқылы балалардың тілідк дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіре алды.

Балдәурендіктердің әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру әрі ашу мақсатында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Олар: «Шаттық – 2019», «Абай, Махамбет, Мағжан, Шәкәрім, Мұқағали, Оралхан Бөкей, Тұманбай, Қадыр, Фариза» оқулары, «Бриколаж» т.с.с. Мұндай іс- шаралар балдәурендіктердің білімін тереңдетуге, іскерлік дағдысын дамытуға қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыруға, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызады. Атаулы күндерде, мерекелік шараларда арнайы концерттер мен көрмелер ұйымдастырылып, балалардың жеке жұмыстары бағаланып отырады.

Дәстүрлі түрде біздің орталықта «Олимпия» СМ спорттық ойындары өтеді. Олимпия барысында топтық және жекелей  біріншіліктер өткізілді. Ауысымда «Мерген» үйірмесіне қатысқан балалар өздерінің дағдыларын жарыста көрсетті. Ал командалық ойында балалар бір – біріне қолдау көрсету арқылы жақындай түсті.

Қорыта келгенде балалардың «Балдәуреннен» алған әсерлері естен кетпестей.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз