Еліміздегі ең жас дизайнер атанған Аяна Мұратова туралы білеміз бе? Аяна Ақтөбедегі №32 мектеп-гимназияның 6-сыныбында оқиды. Кішкентайынан сəн əлеміне қызыққан жасөспірім киім тігіп, эскиз сызады. Тіпті Түркия мен Франция
сəн үйлерінде болып, өнер көрсеткен. Бір өзі бірнеше көйлектің авторы.

– Бастауышта оқып жүргенде сыныптасымның туған күні болды. Киетін көйлектерім тар болып, анам екеуміз базардан көйлек іздедік. Ұнатқан көйлегімді таба алмадым. Тігін шеберханасына ойымдағы көйлегімнің суретін салып, эскизін сызып, апарып бердім. Қолдан тігілген көйлегім де дайын болып, туған күнге киіп бардым. Құрбыларыма
көйлегімнің пішіні қатты ұнады. Өзімнің идеям екенін айтсам ешкім сенбеді, – дейді Аяна.

Он екі жастағы жас дизайнердің қолынан шыққан бұйымдар көздің жауын алады. Осы жазда елордада өткен сəн көрсетіліміне қатысуға шақырту алыпты.
Халықаралық сəн əлемі фестиваліне елімізден екі-ақ сəнгер қатысты. Бірі кішкентай Аяна болса, екіншісі Наиль Байкучуков екен.

– Ең алғашқы топтамамды «Кішкентай Қазақстан ханшайымы» деп атадым. Сəн əлемінің жұлдыздары киімдерді ерекше бағалады. Айдын Асып, Динара Сəтжан есімді аға-əпкелерім ақ жол тіледі. Тапсырысқа киім тікпеймін. Бірақ ұсыныстар түседі. Шабытпен ғана тігемін. Бір-екі көйлекті сатамын. Болашақта сəн əлемінің жұлдызы болғым келеді.

Осы уақытқа дейін Түркия, Нидерланды, Франция еліндегі сəн апталығына шақырылдым. Əлемнің сəнгерлері қатысты. Мен де елімнің абыройын қорғадым. Кішкентай қыздарға арналған би көйлектері мен күнделікті киетін киімдерді сахнаға алып шықтым. Шетелдіктер қатты риза болды. Тіпті өзімнің тігетініме де күмəнмен қарады. Бірақ өзімді мойындаттым. Қазақ халқының ұлттық киімдерінен бренд жасағым келеді. Ұлттық киімдерді күнделікті киіп жүрсек те, артық болмайды.

Сабақтан тыс, сəннен алыстайтын кезде киноға түсемін. Ақтөбелік режиссерлердің түсірген «Жаса» фильміне түстім. Одан кейін астана туралы тағы бір фильмге түстім. Ол кезде бəрі аяқ астынан болды. Сұлтанның анасының кішкентай кезін сомдаймын. Сұлтанның рөлін Тəуекел Мүсілім ойнады. Ең алғаш Алматыға сəн көрсетіліміне бардым. Сол жердегі ұйымдастырушы Аида «Қазақфильм» киностудиясына шақырды. Фильмнің режиссеріне фотомды жіберді. Бір күні телефон соғып, киноға өткенімді айтты. Жақында
телеарналардан көрсетіледі, – дейді жас талант.

Аяулым МИРХАНҚЫЗЫ,
№56 мектептің оқушысы.
Ақтөбе қаласы

Ұлан» газеті, №38
17 қыркүйек 2019 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз