Күнделікті өмірде полиэтилен пакеттің орнына экосөмке ұстап, пластик ыдыс ұстамауға тырысамын. менің ұятымның алдындағы борыш. Ал мемлекет тарапынан экожағдайды сақтау үшін арнайы сұрыптайтын ашылды. Бірақ адам саналы түрде əрекет етпесе, жан-жақта ұйымдастырылып жатқан мұндай шаралардың самын. Бірақ бұл əрекеттер ұрыптайтын орындар да аралардың пайдасы жоқ.

Эколабораторияға қалай өттім?

Бір күні Facebook əлеуметтік желісінде Жұлдыз апайдың Асхат Еркімбай ағайдың пікіріне мені белгілеп кеткенін көрдім. Жазбаны оқысам, Internews пен Қарағандыдағы экомузейдің ұйымдастыруымен медиа саласында эколаборатория өтеді екен. Бұл туралы біраз ойландым. Мен қандай идеяайта аламын, қатысқаным дұрыс бола ма екен деп жақындарыммен ақылдастым. Олар маған қолдау көрсетті. Солай ойланып жүргенде өтініш қабылдайтын дедлайн жақындап қалды. Өтінішті толтырып, жібердім. Бəрін соңына қалдыратын өзіме ашуым келсе де, іштей «бұйырғаны» дедім.

Арада бес күндей өткен соң маған белгісіз нөмір хабарласты. Негізі сақталмаған нөмірлерді қабылдамайтын едім. Бұл жолы телефон тұтқасын көтеріп, сөйлестім. Эколаборатория ұйымдастырушысы деп таныстырған Ирина маған орыс тілінде аудармашы керек пе деп сұрады. Мен жауап бердім. Аптаның соңы болғандықтан
онша мəн бермей жүрдім. Дүйсенбі күні өтінішім қабылданып, эколабораторияға
қатысатыным туралы хабарды оқығанда қуандым. Кейін вебинар өтті. Презентация əзірлеп, экочеллендж жоспарын құрдым. Нұр-Сұлтанға баратын күн жақындап қалды. Ал мен бəрін ойдағыдай жоспарламадым…

Экоподкаст жазу мүмкіндігі қалай пайда болды?

Нұр-Сұлтанға ұшақпен келдік. Шынымды айтсам, эколаборатория алғаш рет ұшақпен сапарлау мүмкіндігін сыйлады. Қонақүйге орналасып, түскі астан соң жобаны қорғайтын болдық. Уақыт жақындап, жобаны қорғауға шықтық. Орыс тілінде экологияға қатысты жобаның көптігін көріп, біраз қобалжыдым.

Жобаны қорғадық. Сұрақтар қойылды. Қатемізді айтты. Жанымдағы серіктесім екеуміз барынша жауап бердік. Ертесі бізде жобаны əзірлеу үшін менторлардың тренингтері өтті. Жанымдағы жоба құрастырушы ағай белгілі бір себептерге байланысты сабақтарға қатыса алмады. Эмоцияның адамы болғандықтан жылауға шақ қалдым. Ішімнен «не істеймін, қалай болады?» деп уайымдап қоямын.

Бір жағынан менторлардан көп нəрсе үйрендім. Жаныма Асхат ағай келіп, Лилиана деген эколог апаймен таныстырды. Қас пен көздің арасында Лилиана апаймен бірігіп, жоба құрастыратын болдық.

Подкаст жазуды былтырдан бері ойлап жүрдім. Бірақ бастап кетуге жүрексінетінмін. «Оны кім тыңдайды? Ол кімге керек?» деген сұрақтар мазалап, комплекс ұстап жүрдім. «1 жылда 100 кітап» жобасынан өзім қалағандай нəтиже шығара алмағандықтан, подкаст жазуға қорықтым. Алайда идея басымда жүрді. Эколаборатория менің кішкентай арманымды орындауға таптырмас мүмкіндік берді. Бірақ үш күн бойы жобаны құрастыру, оның қаржысын жоспарлау, тіпті үлгі нұсқасын жазу сынды жұмыстар біраз шаршатты. Менікі сол баяғы іштей уайым. Бізге Асхат ағайдың көмегі зор болды. Шəкірт тəрбиелейтін ұстаз Асхат ағайдай болу керек. Ағай көпке үлгі. «Мені жақсы көрмеңдер, мамандықты жақсы көріңдер» деп айтады. Бірақ, бəрібір ағайдың шəкірттеріне
деген қамқорлығы ерекше. Бұрын неге СДУ-да оқымадым деп өкінетін едім. Сөйтсем, бəрі адамға байланысты екен.

Подкаст тыңдарманы кім? Не себепті Qarlyģaś деп атадық?

Подкаст туралы білетін адам аз. Оның хронометражы əртүрлі болады. Белгілі бір тақырыпта сөз қозғап, подкаст жазушы шығарылымына байланысты қонақпен сұхбаттасады. Құлаққап тағып алып, кезекте тұрғанда, таңертең жүгіргенде, тағам
əзірлеу барысында тыңдауға болады. Ағылшын тілінде тіпті орыс тілінде подкаст
көп. Ал қазақ тілінде мұндай контент саусақпен санарлық. Сондықтан Лилиана апаймен подкаст жазуға келістік.

Подкаст аты – Qarlyģaś. Тыңдармандары – 18-45 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Себебі қоғамды өзгертетін ұлы күш – əйел. Бұл тарихта да дəлелденіп кеткен. Əйел – алдымен ана. Ол экосауатты болса, баласын суды үнемдеуге үйретеді. Күйеуіне де барынша экожағдайларды түсіндіреді. Құрбыларының арасында əңгімелесу барысында эколайфхактарды айтып, ақпарат таратады. Қоғамды өзгерту үшін жалау көтеріп, шағым айтқаннан гөрі əр адам өзінен бастау керек. Бастапқыда жатырқай қарау болады. Кейін сіз өзгелерге əсер ете бастайсыз. Подкастымызды не себепті құстың атымен байланыстырдық? Қарлығаш – қазақ халқының киелі құсы. Қарлығаш ұя салған шаңырақ берекелі болады. Түсіңізде қарлығаш көрсеңіз, жақсылықтың нышаны деген сенім бар. Əрі тұмсығына кеуіп қалған шөпті жинап жүріп, балаларына ұя салатын қарлығаш балаларына қандай қамқор еді. Сондықтан «Қарлығаш» деп атадық.

Эколабораторияның қорытындысы қандай болды?

Үш күн бойы барынша еңбек еткен жобамызды қорғайтын уақыт жақындады. Мен əдеттегідей уайымдап жүрмін. Бірақ сырт көзге білдіртпеуге тырысамын. 14 жоба қазылар алқасының алдында қорғалды. Сұрақтар қойылды. Қазақ тіліндегі жалғыз жоба біздікі. Қазылар алқасы қорытынды шығаруға кеткенде, біраз уайымдадым. Іштей бастысы жеңіс емес, тəжірибе деп қоямын. Ұйымдастырушылар эколаборатория қатысушыларына сертификат берді. Содан соң грант жеңіп алған экожобаларды айтып жатып, Qarlyģaś жобасының авторларын ортаға шақырғанда, таңғалдым. Өзімді Нобель сыйлығын алғаннан кем көрмедім. Бірақ кейін жауапкершілікті сезіндім. Алдағы уақытта экоподкаст Android, iTunes, Castbox мобайл платформаларына жүктеледі. Оған қоса, əлеуметтік желілерде парақшаларымыз болады.

P.S. Маған сəттілік тілеп қойыңыздар! Əлемді өзгертуге емес, өзімізді өзгертуге ұмтылайық! Бəрі өзімізден басталады. Сонда əлем өзгереді.

Назым САПАРОВА,
«Ұланның» жас тілшісі.

Ұлан» газеті, №36
3 қыркүйек 2019 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз