Әнші Мейрамбек Бесбаев әкімнің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Жасөркен порталы. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», – деп жазды Сағынтаев.

Мейрамбек Беспаев – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, «Музарт» тобының солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз