Оқиға

Артемдi ажалдан  арашалай алмадық

Бүгiнде Батыс Қазақстан облысында тасқын қаупi сейiлмей тұр. Қардың тез еруi, жауын-шашынның мол түсуi өзендердi арнасынан асырды. Тұрғын үйлердi су алып, мал шығындалды. Оқиға кезiнде бiр жеткiншектiң суға кеткенi жөнiнде ақпарат айтылған едi. Осы мәселенiң анығын бiлу мақсатында «Орал өңiрi» газетiнiң жауапты хатшысы, «Ұлан» газетiнiң 90-жылдардағы жас тiлшiсi Тоқтар Кенжеғалиевке хабарласқан болатынбыз. «Апаттан зардап шеккендер арасында мектеп оқушысы бар ма?» деген сұрағымызға төмендегiдей жауап алдық.

– Арнасына сыймай аққан Шаған өзенi халыққа қауiп төндiрдi. Жұрт көшiп жүрiп, бала­ларына бақылау да жасай алмады. Тасқындап қызық көрген үш бала көпiр жағасында ойнайды. Олар өзенде қалқып бара жатқан ағаш­ты көредi. Ағашты ұстамақ болып, үш баланың екеуi суға түседi. Алайда толқын жеткiншектi ағаш­қа жеткiзбейдi. Сөйтiп, 8-сынып оқу­шысы Артемнiң денесi Сар­қырамадан табылады. Ал екiншi баланы құтқару қызметi дер кезiнде ажалдан арашалап алды. Өкiнiш­тiсi, Артемге халық болып көмек бере алмадық. Осы оқиғадан кейiн, қа­ла iргесiндегi Мичурин, Дос­тық ауылда­ры маңындағы бөгеттер күшей­тiлдi. Бөгет тас­қынға шыдамаса, 900 үй суға кетуi мүм­кiн.

Мектептерде сабақ өтiп жа­тыр. Қауiптi аймақтан көшiрiлген отбасылардағы бала­лар да  са­бақтарын жалғас­тыруда. Олар тұрақтаған жерле­рiне барып, тиiстi құжаттарын толтырып, бiлiм алуда. Ал ҰБТ кезiнде кө­мек беру туралы мәселе көтерiл­ген жоқ, – дейдi Т.Кенжеғалиев.

(“Ұлан”, №17. 26.04.2011)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз