Токиода өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатында Елдос Сметов қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Жасөркен порталы.

60 келіге дейінгі салмақта күрескен Елдос жұбаныш жарыстың жұбаныш белдесуінде тайпейлік Янг Юнг Уэйді қапы қалдырып, қола жүлде үшін күресте тағы бір отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевты жеңді. Ал Ғұсман болса, жартылай финалдық белдесуде өзбек балуаны Шарофиддин Лутфуллаевқа есе жіберді. Ол жарысты 5-ші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жарыс бір аптаға созылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз