“Балдәурен-Қапшағай” РОСО 2019 жылғы 11 – ауысымын «Егіздердің жұлдызды сағаты» деп атады. Бұл ауысымда Қапшағайдағы оқу-сауықтыру орталығына Қазақстанның түкіпір-түкпірінен егіз балалар келді.

17 жылдық тарихы бар «Балдәурен» РОСО-да ҚР БҒМ 2019 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес алғаш рет өткізіліп отырған бұл ауысым қарт Алатау өңірінде орын тепкен «Балдәурен-Қапшағай» РОСО-да жүзеге асырылып отыр. Идея авторы – орталықтың дамуына үлкен үлес қосқан тәрбие кешені директоры қызметін атқарған Батырбек Бағлан Батырбекұлы. :Жобаның мақсаты – тәуелсіз елімізде қос бірдей баласына үлгілі тәртіп, білім беріп отқан ата-аналардың еңбегін барша халыққа жеткізу.

Ауысым қатысушылары шығармашыл егіз балалар мен оқу озаттары. Ауысымның мақсаты – демалушы егіздердің дарынын, өнерлерін ортаға сала отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге баулумен қатар эстетикалық танымын және өнерге қызығушылығын дамыту. Демалушылар бұл ауысымда  «Адалдық.Достық.Балдәурен» қызықты танысу кеші, «Егіз – лебіз» атты топ визиткасын қорғау кеші, «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші, «Шабыт» шығармашылық байқаулар, «Дәлме – дәл» пародиялық байқау, «Шын көңілден қабыл ал!» туған күн иелеріне арналған ән-би кеші, «Екі жұлдыз» байқауы, «Олимпия» спорттық мерекесі, «Егіздер сағаты» зияткерлік ойын, «Бизнес – сити» бекет бойынша ойын,  «Қош бол, Балдәурен!» ән-би кеші сияқты шаралардың куәсі бола алады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз