Назарбаев зияткерлік мектебінде көпке үлгі болатын оқушылар жетерлік. Сабақты жақсы оқып, əрі қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқаны үшін шетелде
аз уақыт болса да білім алып келген оқушыларды таныстырсақ дейміз.

Аружан Тілеубек химия-биология бағытында 11-сыныпта оқиды. Жазда үш апта АҚШ-тың Колумбия университетінде оқып келді.

– Бұл оқу орны білім беру жағынан (АҚШ-та) бесінші орында. Бейжің, Стамбұл, Париж сынды əлемнің жеті қаласында оқу орталығы бар. Университет Манхэттенде орналасқан. Қалаға келген кезде əлемді өзгертетін адамдардың ортасында жүргенімді білдім.

«Нейробиологияға кіріспе» курсын оқыдым. Топта əлемнің əр бұрышынан келген жиырма шақты студент болды. Сабақтар мүлдем басқаша өтеді. Таңғы жəне түстен кейінгі лекция деп бөлінеді. Нейробиология табиғи ғылым болғандықтан, тəжірибе қажет. Көп уақытты зертханалық жұмысқа арнадық. Ең қызығы – қойдың миының қалай жұмыс істейтінін зерттегеніміз.

Профессор Pamela Osborn Popp нейробиологияның қоғамдағы рөлін қарапайым
мысалдармен түсіндірді. Бірінші сабақта тофу соуспен миды салыстырды. Тофуды қорытып, миға жіберетін қанды анықтадық. Сапардан алған əсерім ерекше. Басқа
елдің мəдениетін, халықтың неге ұмтылатынын көрдім. Ең алдымен академиялық ортада үйренгенім көп, – дейді Аружан.

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

Ұлан» газеті, №34
20 тамыз 2019 жыл

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз