Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан жақын арада клубтан кетуі мүмкін. Бұл туралы El Pais хабарлады.

El Pais басылымының мәліметінше, француз маманы корльдік клубтың биылғы жазғы трансфер кезінде «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны сатып алмағанына көңілі толмаған.

Клуб президенті Флорентино Перес пен бас бапкер Зиданның арасындағы келісімшарт бойынша Зидан өзіне қажет ойыншыларды сатып алуды көздеген еді. Ол бас бапкер боп тағайындалмас бұрын клуб президентіне осындай шарт қойған болатын.

26 жастағы француз ойыншысы Поль Погба Зиданның көз тіккен басты ойыншыларының бірі еді. Алайда Флорентино Перес уәдесіне тұрмаған сыңайлы. «Осы себептен қазіргі бас бапкер Зинедин Зидан клубқа қош айтуы мүмкін» – деп жазады El Pais басылымы.

Айта кетейік, 46 жастағы француз маманы бұған дейін Реал Мадридпен үш жыл қатарынан чемпиондар лигасын ұтып алған болатын. Ол биылғы жылдың наурыз айында клубқа қайта келген еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз