Барда бар,
Жоқта жоқ.
Қарда бар,
Отта жоқ. (А)

Әнде бар,
Ырғақта жоқ.
Сәнде бар,
Сымбатта жоқ. (Ә)

Сабада бар,
Месте жоқ.
Табада бар,
Пеште жоқ. (Б)

Венгрде бар,
Сеңгірде жоқ.
Вальсте бар,
Бәліште жоқ. (В)

Сүңгіде бар,
Оқта жоқ.
Сүргіде бар,
Шотта жоқ. (Г)

Қоғада бар,
Қоқымда жоқ.
Тоғада бар,
Тоқымда жоқ. (Ғ)

Дорбада бар,
Торқада жоқ.
Ордада бар,
Ортада жоқ. (Д)

Есте бар,
Қолда жоқ.
Бесте бар,
Онда жоқ. (Е)

Монтёрда бар,
Хатшыда жоқ.
Шахтёрда бар,
Атшыда жоқ. (Ё)

Жалғызда бар,
Көпте жоқ.
Жалбызда бар,
Шөпте жоқ. (Ж)

Жазықта бар,
Соқпақта жоқ.
Қазықта бар,
Тоқпақта жоқ. (З)

Иекте бар,
Бетте жоқ.
Жиекте бар,
Шетте жоқ. (И)

Үйде бар,
Қырда жоқ.
Күйде бар,
Жырда жоқ. (Й)

Кеңде бар,
Тарда жоқ.
Кемде бар,
Барда жоқ. (К)

Қорада бар,
Тыста жоқ.
Қолада бар,
Мыста жоқ. (Қ)

Селде бар,
Сеңде жоқ.
Желде бар,
Жерде жоқ. (Л)

Құмда бар,
Топырақта жоқ.
Шымда бар,
Жапырақта жоқ. (М)

Қанда бар,
Тамырда жоқ.
Нанда бар,
Қамырда жоқ. (Н)

Тоңда бар,
Тонда жоқ.
Қоңда бар,
Қомда жоқ. (Ң)

Мойылда бар,
Шиеде жоқ.
Ойылда бар,
Іледе жоқ. (О)

Өткелде бар,
Даңғылда жоқ.
Көктемде бар,
Жаңбырда жоқ. (Ө)

Пернеде бар,
Термеде жоқ.
Пердеде бар,
Кермеде жоқ. (П)

Мұрында бар,
Маңайда жоқ.
Бұрымда бар,
Самайда жоқ. (Р)

Тастақта бар,
Тақырда жоқ.
Астауда бар,
Ақырда жоқ. (С)

Тарпаңда бар,
Тайда жоқ.
Талқанда бар,
Майда жоқ. (Т)

Буда бар,
Тұманда жоқ.
Суда бар,
Құманда жоқ. (У)

Құралда бар,
Сайманда жоқ.
Құланда бар,
Жайранда жоқ. (Ұ)

Шүмекте бар,
Кеседе жоқ.
Күректе бар,
Теседе жоқ. (Ү)

Шкафта бар,
Штабта жоқ.
Цифрда бар,
Сиқырда жоқ. (Ф)

Хамсада бар,
Самсада жоқ.
Ханшада бар,
Қаршада жоқ. (Х)

Шаһарда бар,
Шашуда жоқ.
Қаһарда бар,
Ашуда жоқ. (Һ)

Цехта бар,
Кранда жоқ.
Центнерде бар,
Грамда жоқ. (Ц)

Чукшада бар,
Тувада жоқ.
Чувашта бар,
Кубада жоқ. (Ч)

Шарда бар,
Допта жоқ.
Шамда бар,
Отта жоқ. (Ш)

Ащыда бар,
Басшыда жоқ.
Тұщыда бар,
Құсшыда жоқ. (Щ)

Съезде бар,
Жиылыста жоқ.
Разъезде бар,
Қиылыста жоқ. (Ъ)

Індерде бар,
Апанда жоқ.
Інгенде бар,
Атанда жоқ. (І)

Фортепьянода бар
Примада жоқ.
Натальяда бар,
Иринада жоқ. (Ь)

Экспресте бар,
Тұлпарда жоқ.
Эмуда бар,
Сұңқарда жоқ. (Э)

Қиюда бар,
Қиықта жоқ.
Қоюда бар,
Сұйықта жоқ. (Ю)

Қияда бар,
Қырқада жоқ.
Ұяда бар,
Ұлпада жоқ. (Я)

«Балдырған» журналы, №7
Шілде, 2019

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз