КЕНЕСАРЫ ҮҢГІРІ

Кенесары қоныпты
Аң аулауға барғанда.
Хан есімін қойыпты
Халық содан бұл маңға.

Кене қонған бұл үңгір
Тарих үшін маңызды.
Бара қалсаң егер бір
Естисің көп аңызды.

Кенесары үңгірі – Ақмола облысының жерінде орналасқан. Ол гранитті тау сілемінің үгілуінен пайда болған. Туристер көп баратын орын.

ТЕКТҰРМАСТЫҢ КҮМБЕЗІ

Билікті алып қолына,
Елін ерткен соңына.
Бар өмірін сарп еткен,
Білім, ілім жолында.

Тектұрмастай асылдың,
Болған екен сөзі озық.
Он төртінші ғасырдың,
Бізге жеткен көзі осы.

Тектұрмас күмбезі – Талас өзені жағасында орналасқан. 14 ғасырда салынған. Түгелдей қираған. 1880 жылы түсірілген сурет бойынша қайта тұрғызылған (2002 ж)

ҚИЫН КЕРІШ

Зайсан көл мен Аманат
Ауылына тиіп тұр.
Жер өзі бір ғаламат,
Жалын болып «күйіп» тұр.

Жан-жағыңа қарап тек,
Көз алмасың ақиқат
Түсі қызыл, сары, ақ, көк…
Ескерткіші ол табиғат.

Қиын Керіш – қызыл топырақты жарлардан, адырлардан, мұнаралардан тұратын ерекше шатқал. Аумағы – 300 гектар. Шығыс Қазақстанда.

ОЙСЫЛҚАРА КЕСЕНЕСІ

Түйе пірі – Ойсылқара,
Болған екен ойшыл дана,
Пайғамбардан шапан киіп,
Әулиелігімен болған дара.

Содан бері көп жыл өтті,
Бұл жәдігер бізге жетті.
Құрметтейік кесене мен
Баба рухын асыл текті.

Ойсылқара кесенесі – Ақтөбенің Хромтау ауданында. Этнографиялық-тарихи ескерткіш. Аспан астындағы құнды жәдігер.

«Балдырған» журналы, №7
Шілде, 2019

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз