«Біздің еліміздің басты жетістігі ортақ Отанымыздағы ұлтаралық келісім. Бейбітшілік және тұрақтылық дейтін болсақ, бұл жай ғана ақиқат шындық. Бұған осынау беймаза
әлемдегі қол жеткен елеулі табысымыз деп қарауымыз керек. Ал, бұл табыста Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі мен үлесі өте зор…»

Н. Назарбаев.

Қазақ елі өзінің кең пейілділігімен, қонақжайлылығымен барлық ұлт өкілдерін  құшағына сыйдыра білген халық. Қазақ халқының өзіне тән ерекшелігінің бірі – басқа халықтардың дініне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына сыйластықпен қарауында. Отандастарымыздың рухани байлығы азаматтық және саяси тұрақтылығымызды нығайтып, ХХІ ғасырда тәуелсіз еліміздегі қоғамымыздың кірпішінің берік қалануына үлесін тигізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың басты идеясы – тәуелсіз Қазақстан халқының арасындағы қазақстандық патриотизмді, достықты, бірлікті, ынтымақтастықты сақтау болып табылады. Қазақстандағы халықтар арасындағы достық пен түсіністік ең қымбатты, тіпті ең басты құндылық десек те болады. Әлемдегі өзгерістер тұрақсыз, сондықтан тұрақтылықтан асқан байлық жоқ.
Қазақстандағы Азия мен Еуропа халықтарының бірлігін сақтап қалу, мұсылман мен христиан діндерін тең дәрежеде ұстау, келісімді, тұрақтылықты сақтау – біздің барлығымыздың алдымыздағы басты міндеттердің бірі.

Келісім төменде келтірілген принциптерден тұрады:
– тыныштықты сақтау;
– теңдік, ынтымақтастық;
– келіспеушіліктің болмауы; тіл ерекшеліктерін; ұлттық мәдениетті, адамгершілік пен
салт-дәстүрлерді сақтау
Қазақстан қоғамының жаңашыл кезеңінің басты үрдісі – Қазақстандағы барлық ұлттар
мен ұлыстардың тілі, мәдениеті, ұлттық болмысын жалғастыру және дамыту болып табылады.

«Ассамблея – алтын көпір» достық кездесу атты ауысымда жоспарланған бағдарламаның іс-шаралары Қазақстан халықтарының тілі, ділі, тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі негізінде құрастырылған. Әлемдік өркениетте әрбір ұлттың өзіндік үлесі ерекше. Бұл әдемі өрнекті кілемдегі түрлі-түсті оюлар іспеттес. Осы түрлі–түсті өрнектің бояуының сақталуы – тұтас бір мемлекеттегі түрлі халықтардың достығы мен бірлігіне пара-пар. Осыған байланысты, ауысым бағдарламасы әрбір ұлттың ұлттық құндылықтарын сақтауда өзін ұлт болып тануына мүмкіндіктерді туғыза отырып, ұлтаралық келісімдерді жандандырып, достық пен бірлікті нығайтып, сыйластықтарын арттыратыны сөзсіз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз