Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері, балалар арман – аралы «Балдәуреннен» бастау алады.

Балдәуренде демалған әр бала бақытты. Себебі бұнда өткізген күндер, бала өміріндегі ең ұмытылмас сәттердің бірі. Біздің орталық жылдың төрт мезгілінде де үздіксіз қызмет атқарады. Әр ауысым сайын көп балалар келіп жатады. Қуантарлығы, демалып кеткен әр бала қайта оралғысы келеді.

Балалар біздің орталығымызды күлімсіреп еске түсіреді. Біздің орталықтағы әрбір демалушы бала шығармашылық жолында өзін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік ала алады.Бұл үшінші ауысым “Спорт – біздің серігіміз” спартакиадасы деп аталды.

Біздің негізгі мақсатымыз балалар үшін жоғары деңгейде демалыс ұйымдастыру. Бұл ауысымда өте талантты және белсенді балалар демалды. Біз бұл ауысымға  спорт жарыстарының жеңімпаздарын жинадық. Олар үшін әр түрлі спорттық, интелектуалды, шығармашылық мерекелік іс-шаралар, сайыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде өзін жақсы қырынан көрсете білген әрбір демалушы бала түрлі сертификатпен, алғыс хаттармен  және мадақтау қағаздарымен марапатталды.

“Спорт – біздің серігіміз”  атты үшінші ауысымының демалушылары ең қызықты кезеңнің біріне тап болды. Оған себеп: ыстық күн, таза ауа, шипалы көл жағасы. Балалар жүзуді үйренді, шомылды және  күн шуағына қыздырынды. Табиғат аясындағы түрлі жорықтарға шықты.

Біздің балдаурендіктердің бос уақытын тиімді пайдалану жолында әр-түрлі қызығушылық танымдық үйірмелер өткізілді. Балалар жеке қабілеттерін арттыру мақсатында өздеріне керекті әр- түрлі ақпараттар мен тәжірибені жинақтап, оны жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Біздің балалардың әл-ауқатын арттыру жолындағы балдәурендік асхананың орны өте ерекше. Күніне бес мезгіл тамақтандыру, әр күнге түрлі ас мәзірін дайындау біздің аспазшылардың басты міндеті.

Ауысымның  қорытынды кезеңінде балалар үшін достық алауы ұйымдастырылды. Әрбір бала қысқа уақыт аралығында  Балдәуренде өткізген қызықты сәттерін еске алып, олар үшін, жақын жандарға айналған ұйымдастырушы-ұстаздарына алғыстарын айтып, Балдәуренге ізгі тілектерін білдіріп қоштасты.

Ал біздер үшін ең қуаныштысы әрбір балғында сұлу  балалар   Балдәуренді қимастықпен еске алып, сағынышын білдіріп, ыстық сәлеммен хаттарын жолдап отырады.

Балқаш қ. «Балдәурен» РОСО

психологі

Тукушова Әсел Амантайқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз