Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай – ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.

«Балдәурен-Қапшағай» РОСО қызметкерлері де түгелдей салауатты өмір салтын ұстанады десем қателеспеймін. Шілде айының 11-і мен 25-і аралығында орталықта «Спорт Life» денсаулық марафоны атты спорт ауысымы өтті. Салауатты өмір салтын жан-жақты насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізілген ауысымға еліміздің барлық аумағынан халықаралық, республикалық, облыстық спорттық жарыстардан жеңімпаздар жиналды.

Ауысым барысында «Бірінші байлық – денсаулық!» атты топ визиткасын қорғау кеші болып өтті. Кеште барлық топ спортқа деген махаббаттарын сахнада көрсете білді. Спортқа байланысты ауысым бойы «Балдәурен кубогы» футболдан және волейболдан чемпионат, «Олимпия» СМ, «Ритмика» спорттық би байқауы, «Спорт TIME» спорттық-интеллектуалдық ойыны және ауысымның бояуға толы сәті «Яркокросс» өтті.

Әркімнің санасындағы спорт ұғымы – сан алуан. Расында да, көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорт құдіреті жоғары. Бәріміз білетіндей, «спорт – денсаулық кепілі».

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз